14.8 C
Taldykorgan, KZ
Вторник, 28 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 205

Шекарашылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасы жеке құраммен кездесу өтті. Шара барысында әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына енгізілген өзгерістер жан-жақты түсіндірілді. Кездесудің мақсаты – шекарашыларды тұрғын үй саласындағы жаңа заңнамалық түзетулермен таныстыру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және әлеуметтік қолдау жөнінде толыққанды ақпарат беру. Мұндай түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын тауып,...

«Қорғас» шекара бөлімшесінде мерекелік шара өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Қорғас» шекара бөлімшесінде Атамекен ауылдық округінің әкімшілігі мен мәдениет үйінің қызметкерлері Шекара қызметінің құрылған күніне арналған мерекелік шара ұйымдастырды. Шара барысында қатысушылар шекара қызметшілерін мерекелерімен құттықтап, концерттік бағдарламамен берді. ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

Текелі қаласында шекарашылардың мерекесіне концерт өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты Оқу-жаттығу үйрету кавалериялық тобының жеке құрамна Текелі қаласының мәдениет үйінің өнерпаздары «Шекара қызметінің құрылған күні» мерекесіне арналған концерттік бағдарлама берді. ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

Жетісуда ауыл тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыратын профилактикалық жоба басталды

Жетісу облысында ауыл халқы үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында «Ашық есік күні» профилактикалық жобасы басталды. Бұл әлеуметтік акция аясында облыстың салалық дәрігерлері аудандық орталықтарда тегін қабылдау жүргізіп, кеңес береді, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Әлеуметтік акция шеңберінде облыстың жетекші медициналық ұйымдарынан ЛОР, уролог, проктолог, акушер-гинеколог, балалар хирургі, невропатолог, нейрохирург, педиатр, травматолог және онколог мамандар...

«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» байқауына өтініш қабылдаудың аяқталуына 1 апта қалды

Өңірлік кезеңнен өту үшін бейнематериал әзірлеу міндетті емес. Алдымен жұмыс мазмұны мен өзектілігі жазбаша түрде ұсынылуы қажет. Ал педагогикалық идеяның бейнематериалы республикалық кезеңге өткен соң сұралады.   Конкурс бағыттары: 1.Оқу сауаттылығы 2.Математикалық сауаттылық 3.Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық 4.Цифрлық сауаттылық 5.Экологиялық сауаттылық 6.Мәдениетаралық сауаттылық 7.Қаржылық сауаттылық   Байқау талаптары: * әрбір қатысушы тек бір бағыт бойынша бір жұмыс ұсына алады; * жұмыс авторлық әдістемелік идеяны қамтуы тиіс; * материал басқа конкурстарға ұсынылмаған, еш жерде жарияланбаған, авторлық...

Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы 10,4 млн-нан астам адамды игілікке ұйыстырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» ауқымды республикалық экологиялық акциясы өтуде. Бұл бастаманың мақсаты – еліміздегі экологиялық жағдайды жақсарту ғана емес, сонымен қатар азаматтардың экологиялық жауапкершілікті ойлауын қалыптастыру, сана мен ой тазалығын сақтау, отансүйгіштік, табиғатты аялау мәдениетін дамыту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғамның қатысуын арттыру. Елімізде жүріп жатқан экологиялық акция барған сайын қоғам өмірінің саналы бөлігіне айналып...

Жетісуда білім беру мен денсаулық сақтау нысандарында жылыту маусымына дайындық аяқталды

Жетісу облысында білім беру және денсаулық сақтау нысандарында жылыту маусымына дайындық аяқталды. Сол сияқты көпқабатты тұрғын үйлердің маусымға дайындық деңгейі 96% құрап отыр, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметіне сүйенсек, жылыту маусымына дайындалу барысында жылумен жабдықтау объектілері мен инженерлік желілілер жөнделіп, отын сатып алынуда.    «2 турбинаға, 35 қазанға, 79,5 шақырым...

Жетісуда әлеуметтік сала қызметкерлеріне және жұмысшы мамандарға арналған жаңа «Маман» тұрғын үй бағдарламасы басталды

Жетісу облысы әкімдігінің қолдауымен «Отбасы банк» АҚ филиалы ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) «Маман» бағдарламасы басталды. Жаңа бастама өңірдің әлеуметтік және экономикалық өмірінің негізгі салаларында еңбек ететін мамандарды қолдауға бағытталған. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, энергетика, БАҚ және өңірдің басқа салаларының қызметкерлеріне бағдарлама аясында жеңіл шарттармен жеке меншік тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік. Өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың 25 тамызынан басталды,...

Конституция — 30 жыл: «Заң мен тәртіп» қағидаты дәріптеледі

Талдықорған қаласында тарихи дата Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған ауқымды іс-шаралар бастау алып, жүзеге асуда. Мерейтой аясында ұйымдастырылып жатқан шаралар Ата Заңның қоғамдағы рөлін айшықтап, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға, жас ұрпаққа Конституцияның мән-маңызын түсіндіруге бағытталған. Сонымен қатар, ел бірлігі мен тұрақтылығын нығайту, «Заң мен тәртіп» қағидатын дәріптеу де басты мақсаттардың бірі болып отыр. Осыған орай өткен баспасөз мәслихатында Талдықорған...

Кербұлақ ауданының мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде жүргізілген жоспардан тыс аудит нәтижелері туралы ақпарат

Департамент тарапынан Кербұлақ ауданының келесі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарында  жоспардан тыс аудит жүргізілді: «Ай-сана» ясли-бақшасы, «Ақтиін» ясли-бақшасы, «Балауса» ясли-бақшасы, «Балбөбек» ясли-бақшасы, «Балдырған» ясли-бақшасы, «Бүлдіршін» ясли-бақшасы. Аудит 2024 жылғы 1 маусым мен 2025 жылғы 31 наурыз аралығындағы негізгі құралдар, шаруашылық және өзге де тауарларды сатып алу бойынша шарттық міндеттемелерді орындаудың Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестігін тексеру мақсатында жүргізілді. Анықталған бұзушылықтар: 21615,3 мың теңге...