Конституция — 30 жыл: «Заң мен тәртіп» қағидаты дәріптеледі

183

Талдықорған қаласында тарихи дата Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған ауқымды іс-шаралар бастау алып, жүзеге асуда. Мерейтой аясында ұйымдастырылып жатқан шаралар Ата Заңның қоғамдағы рөлін айшықтап, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға, жас ұрпаққа Конституцияның мән-маңызын түсіндіруге бағытталған. Сонымен қатар, ел бірлігі мен тұрақтылығын нығайту, «Заң мен тәртіп» қағидатын дәріптеу де басты мақсаттардың бірі болып отыр.

Осыған орай өткен баспасөз мәслихатында Талдықорған қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы Ілияс Сағымбеков пен қала әкімінің баспасөз хатшысы Олжас Құрмашев алдағы жиындар легі жөнінде жан-жақты баяндап берді. Жоспар бойынша қалалық кітапханаларда ақпараттық сағаттар, «Жетісу жастары» КММ-де жастар арасында «Конституциялық IQ» атты интеллектуалды ойын, сондай-ақ, тұрғындардың еркін пікір алмасуына жол ашатын «Ашық микрофон» акциясы,  бұдан бөлек, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетовтың қатысуымен ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылмақ. Мерекелік бағдарлама спорттық жарыстарды, құқықтық кеңес беруді және кәмелеттік жасқа толған азаматтарға жеке куәлікті салтанатты табыстау рәсімін де қамтиды. Ал 30 тамыз күні тұрғындар үшін мерекелік велошеру мен «Жастар» саябағында шығармашылық ұжымдар мен өңір өнерпаздарының қатысуымен  концерт өтеді. І.Бижанұлы «Ата Заңымыз –  мемлекетіміздің іргетасы, елдігіміздің темірқазығы. Конституция күніне арналған шаралар арқылы оның қағидаттары халыққа кеңінен жан-жақты түсіндіріліп, жас буынға насихатталады. Бұл тағылымды мерейтой болмақ»-деп атап өтті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз