Кербұлақ ауданының мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде жүргізілген жоспардан тыс аудит нәтижелері туралы ақпарат

1012

Департамент тарапынан Кербұлақ ауданының келесі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарында  жоспардан тыс аудит жүргізілді:

  • «Ай-сана» ясли-бақшасы,
  • «Ақтиін» ясли-бақшасы,
  • «Балауса» ясли-бақшасы,
  • «Балбөбек» ясли-бақшасы,
  • «Балдырған» ясли-бақшасы,
  • «Бүлдіршін» ясли-бақшасы.

Аудит 2024 жылғы 1 маусым мен 2025 жылғы 31 наурыз аралығындағы негізгі құралдар, шаруашылық және өзге де тауарларды сатып алу бойынша шарттық міндеттемелерді орындаудың Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестігін тексеру мақсатында жүргізілді.

Анықталған бұзушылықтар:

  1. 21615,3 мың теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар-негізгі құралдардың нақты болуын бухгалтерлік есеп деректерімен салыстыру нәтижесінде: сатып алынған негізгі құралдар іс жүзінде қолда бар, алайда аудит жүргізу кезінде бухгалтерлік есепте көрсетілмеген.
  2. 476,1мың теңге сомаға рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар негізгі қаражат ТМҚ шоттарына дұрыс жатқызылмаған. Сонымен қатар, ұзақ мерзімді активтер мен қорларды түгендеу кезінде сатып алынған негізгі құралдардың инвентарлық нөмірлері болмағаны анықталды. Бұл жағдай «Бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларына» қайшы келеді, өйткені қағидаларға сәйкес инвентарлық нөмірлер активтерге олардың кәсіпорынға келіп түсуіне қарай реттік-сериялы жүйе бойынша беріліуі тиіс.

Қабылданған шаралар:

Аудит нәтижелері бойынша екі бухгалтерге қатысты бюджет кірісіне толық өндіріп алынған 393,3 сомаға әкімшілік хаттамалар жасалды. Барлық алты бухгалтер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Жетісу облысы бойынша
Ішкі мемлекеттік аудит
департаментінің сәйкестік
аудиті бөлімінің басшысы
М.Ербекова

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз