17.9 C
Taldykorgan, KZ
Среда, 8 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 202

Қазақстанның бейбітшілік пен келісім жолындағы тәжірибесі — нағыз үлгі

Қазіргі таңда Қазақстан көпұлтты, көпконфессиялы мемлекет ретінде этносаралық келісім мен ұлтаралық татулықтың бірегей үлгісін көрсетіп келеді. Бұл жетістік - саналы түрде жүргізілген мемлекеттік саясат пен қоғамдағы өзара құрметтің, сенімнің нәтижесі. Этносаралық қарым-қатынастар саласындағы сарапшы ретінде айтарым, біртұтас ұлт болып қалыптасу үшін ең алдымен ұлтаралық сыйластық пен мәдени әртүрлілікке деген құрмет басты құндылық болуға тиіс. Қазақстан халқы Ассамблеясы сияқты бірегей институттың...

Ұлттық спорт бәсекесі

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ұйымдастырылып жатқан «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты 10 күндік іс-шаралар тұжырымдамасы аясында,  қалалық жағажайында қазақтың ұлттық ойындарынан жарыс өтті. Аталған шараның басты мақсаты – ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын насихаттау, жастарды спортқа баулу және ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттыру. Сонымен қатар, іс-шара барысында қатысушылар мен көрермендерге қазақтың ұлттық ойындарының маңыздылығы түсіндіріліп,...

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап «ДосболLIKE» антибуллингтік бағдарламасы іске қосылады

Жаңа оқу жылынан бастап Қазақстанда алғаш рет барлық мектептер мен колледждерде балалар мен жасөспірімдер арасындағы буллинг оқиғаларын азайтуға, білім беру ұйымдарында қауіпсіз, қолдаушы және өзара құрметке негізделген орта қалыптастыруға бағытталған отандық «ДосболLIKE» профилактикалық бағдарламасы енгізіледі, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. Бағдарлама балалардың әл-ауқаты индексінің қағидаттары мен халықаралық және отандық нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес әзірленген және буллингке қарсы күрестегі үздік...

МӘМС-тің жаңа ережелері

Медициналық көмектің Бірыңғай пакетін құру, МӘМС жүйесінің қамту аясын кеңейту, жарналарды әділ қайта бөлу және әлеуметтік қолдауды күшейту — осы және басқа да шаралар денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығы, қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды реформаның негізі болып табылады. ДСМ МӘМС жүйесін жетілдіру және талдау департаментінің директоры Ләззат Шоманова «МӘМС туралы» Заңға енгізілген маңызды өзгерістер жайлы Орталық коммуникациялар қызметінде...

Жетісуда «Мерейлі отбасы» байқауының облыстық кезеңінің жүлдегерлері марапатталды

Жетісу облысында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жүлдегерлері марапатталды. Жеңімпаз әулеттер өкілдеріне марапатты облыс әкімі Бейбіт Исабаев тапсырды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.  Талдықорған қаласындағы Бикен Римова атындағы драма театрында өткен салтанатты шарада сөйлеген құттықтау сөзінде өңір басшысы отбасы құндылықтарын сақтаудың, ұрпақ тәрбиесінің қоғамдағы маңызына тоқталып, оған «Мерейлі отбасы» байқауының оң ықпал етіп отырғанын атап...

Қазақстанда ЭЦҚ-ны жеңілдетілген түрде алу жүйесі енгізілді

2025 жылғы 11 тамыздан бастап Қазақстанда электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу тәртібі өзгереді. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бұл қызметті толығымен онлайн-форматқа ауыстырады. Бұл шешім азаматтардың дербес деректерін қорғау деңгейін арттыру және жеке цифрлық деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Ол электрондық қолтаңбаны бөгде тұлғаларға алу жағдайының алдын алады. Бұрын ЭЦҚ кілттерін онлайн да, ХҚКО-да да алуға болатын. Енді...

Білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімін жариялады. Грант иегерлері тізімін мына жерден жүктеп алуға болады. Жоғары оқу орындарына құжаттарды тапсыру 25 тамызға дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады.

Театр – киімілгіштен басталады

Театр – әртістердің  таланты арқылы сахна өнері өмірге келетін орын. Аталмыш  өнер тармағы  түрлі қойылым, актерлік шеберлік, сахналық музыка, декорациялар мен жарықтандыру арқылы оқиғаларды дәл жеткізе алатын, көрермендерді шабыттандыратын және оларды қиял мен сұлулық әлеміне батыратын мекен.  Ал, әрбір спектакль  өмірімізді өнердің сұлулығы мен тереңдігіне толтыратын бірегей және ұмытылмас ғажайып сәт. Мұнда сахнадан тыс, шымылдықтың ар жағында театрдың тыныс-тіршілігін...

Абай әні – халық мұрасы

Талдықорған қаласының жағажайында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты 10 күндік іс-шаралар аясында «Абай әні – халық мұрасы» атты караоке кеші ұйымдастырылды. Жалпы саны 50 адам өз өнерлерін көрсетті. Шараның басты мақсаты – ұлы ақын, композитор Абай Құнанбайұлының әндерін кеңінен насихаттау, жас ұрпақтың рухани тәрбиесін арттыру, Абай мұрасын халыққа жақын әрі қолжетімді форматта дәріптеу, сондай-ақ...

Талдықорған қаласының Өтенай ауылдық округіне қарасты Жастар-1 /1 және Жастар-3 тұрғын үй алаптарының көшелеріне жаңа атау беру бойынша жергілікті қоғамдастық жиналыс

ХАТТАМАСЫ   Талдықорған қаласы, Өтенай ауылы «4»  тамыз 2025 жыл, сағат:17:00 Көпшілік тыңдау отырысын жүргізген -  Өтенай ауылдық округінің әкімі Малтаев Руслан Ырысбекұлы.   Хатшы: Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімшесінің бас маманы – Серикова Диана Бериковна       Күн тәртібінде:   Өтенай ауылдық округіне қарасты Жастар 1/1 және Жастар - 3 тұрғын үй алабы көшелеріне атау беру.   Қатысқандар: «Талдықорған қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бас маманы – Рысбаева Сандуғаш...