Қазіргі таңда Қазақстан көпұлтты, көпконфессиялы мемлекет ретінде этносаралық келісім мен ұлтаралық татулықтың бірегей үлгісін көрсетіп келеді. Бұл жетістік — саналы түрде жүргізілген мемлекеттік саясат пен қоғамдағы өзара құрметтің, сенімнің нәтижесі.
Этносаралық қарым-қатынастар саласындағы сарапшы ретінде айтарым, біртұтас ұлт болып қалыптасу үшін ең алдымен ұлтаралық сыйластық пен мәдени әртүрлілікке деген құрмет басты құндылық болуға тиіс. Қазақстан халқы Ассамблеясы сияқты бірегей институттың құрылуы — дәл осы қағидаттарды жүйелі түрде дамытып, этностар арасындағы байланысты нығайтудың жарқын мысалы. Бүгінгі таңда әлемнің көптеген елдері ұлтаралық жанжалдар мен алауыздықтың зардабын тартып жатқанын ескерсек, Қазақстанның бейбітшілік пен келісім жолындағы тәжірибесі — нағыз үлгі. Бұл жолда әрбір азаматтың рөлі маңызды. Себебі ұлтаралық достық — жоғарыдан берілетін пәрмен емес, ол төменнен басталатын, жүректен туатын құндылық.
Алмат Есенбеков
#МирИСогласие #ЗаМир #МыВместе #PeaceAndHarmony #PeaceForAll #TogetherForPeace #ҚХА30жыл #АНК30лет #APK30years #АНК #ANK





























