Талдықорған қаласының Өтенай ауылдық округіне қарасты Жастар-1 /1 және Жастар-3 тұрғын үй алаптарының көшелеріне жаңа атау беру бойынша жергілікті қоғамдастық жиналыс

247

ХАТТАМАСЫ

 

Талдықорған қаласы, Өтенай ауылы

«4»  тамыз 2025 жыл,

сағат:17:00

Көпшілік тыңдау отырысын жүргізген —  Өтенай ауылдық округінің әкімі Малтаев Руслан Ырысбекұлы.

 

Хатшы: Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімшесінің бас маманы – Серикова Диана Бериковна

     

Күн тәртібінде:

 

Өтенай ауылдық округіне қарасты Жастар 1/1 және Жастар — 3 тұрғын үй алабы көшелеріне атау беру.

 

Қатысқандар:

  • «Талдықорған қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бас маманы – Рысбаева Сандуғаш Арнайқызы.
  • «Жастар 1/1» және «Жастар-3» тұрғын үй алабының тұрғындары
  • Жергілікті қоғамдастық мүшелері ( тізім бойынша)
  • Округ ақсақалдары

Өтенай ауылдық округіне қарасты Жастар 1/1 және Жастар — 3 тұрғын үй алабы көшелеріне атау беру туралы қоғамдастық жиынды Р.Малтаев «ашық» деп жариялап, шақырылғандарды күн тәртібімен таныстырды.

Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша алғашқы сөзді Өтенай ауылдық округінің әкімі Р.Малтаев сөйледі: Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес 2025 жылы ҰОС Жеңістің 80-жылдығына орай ұлықтау жоспарланған Кеңес Одағы батырлары мен бір немесе одан да көп ордендері бар ҰОС ардагерлерінің тізімі дайындалды. Анықтау мәліметтері Талдықорған қаласының әкімдігіне қала тұрғындарынан келіп түскен өтініштерден, мұрағаттан, Жеңістің мерейлі даталарына шығарған кітаптарынан алынды.

Сіздердің назарларыңызға Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы Заңы 14-1 бабының 1 – тармағына және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 01 тамыздағы №211 бұйрығымен бекітілген «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай- ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидалары» 3 — тарауына сәйкес Өтенай ауылдық округіне қарасты «Жастар-1/1» және «Жастар-3» тұрғын үй алабтарына жаңа көшелерінің атауларын ұсынуы және ұсыныстармен танысу туралы баяндама жасады.

Жаңадан берілетін атауы Көшенің бұрынғы атауы Сипаттамасы
1.       Харламов Василий көшесі №3 атауы жоқ  жаңа көше Өтенай а.о.

Жастар 1/1 тұрғын ауданы

2.       Воронин Андрей көшесі №1 атауы жоқ  жаңа көше Өтенай а.о.

Жастар 1/1 тұрғын ауданы

3.       Қалилаханов Тәңірберген көшесі №4 атауы жоқ жаңа көше Өтенай ауылы

Жастар 1/1  тұрғын ауданы

4.       Түстікбеков Қайыпбай көшесі №11 атауы жоқ жаңа көше Өтенай ауылы,

Жастар 1/1  тұрғын ауданы

5.       Жалбағаев Айтбек көшесі №10 атауы жоқ жаңа көше

 

Өтенай а/о

Жастар 1/1 тұрғын ауданы

6.       Малин Иван көшесі №13 атауы жоқ  жаңа көше Өтенай а.о.

Жастар 3 тұрғын ауданы

7.       Бендиков Степан көшесі № 7 атауы жоқ  жаңа көше Өтенай а.о.

Жастар 3 тұрғын ауданы

8.       Каримов Елубек көшесі № 9 атауы жоқ  жаңа көше

 

Өтенай а.о.

Жастар 3 тұрғын ауданы

9.       Битюков

Иван көшесі

№ 6 атауы жоқ жаңа көше Өтенай а.о.

Жастар 3 тұрғын ауданы

 

Жиналысқа қатысушылардың аталған мәселе бойынша ұсыныстары.

 

  1. Торайғыров Дәурен — Жастар 1/1 тұрғын үй алабындағы жер учаскелерін тұрғындардың өздері сатып алғанын атап өтті. Ұсынылған көше атауларында Ұлы Отан Соғысына қатысқан қазақ ардагерлердің есімдерін беру жөнінде ұсыныс жасады. Сонымен қатар, Алаш азаматтарының есімдерін беру мәселесін қарастыру немесе бекітілген тізімге сәйкес ардагерлердің есімдерін тұрғындардың таңдауы үшін рұқсат беру ұсынылды.
  2. Сүлейменов Беделбек —Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің тізімі бойынша, әрбір ардагердің туған облысына оның атымен көше атауын беру туралы ұсыныс жасады. Сонымен қатар ардагерлерді ғана емес халыққа еңбегі сіңген азаматтардың есімдерін беру туралы да ұсынды.
  3. Арапов Асқар — өз ұлтымыздың және жергілікті азаматтардың есімдерін көше атауларына беру жөнінде ұсыныс жасады. Сонымен қатар, келер ұрпаққа түсіндіру мақсатында, басқа ұлт азаматтарының есімдерін қоюға қарсы екендігін және Қазақстанға қатысы жоқ, еңбегі сіңбеген азаматтардың есімдерін беру қажет еместігін атап өтті.
  4. Муратова Нағима- тізімде аталған Жалбағаев Айтбек атасы туралы өмір баянын айтып, атасының есімін көшеге беру туралы келісіп мақтан тұтатындығы туралы өз ойын айтты.
  5. Бухбантаева Айнагуль — жиналыста қозғалған ұсыныстарды қолдап, қатысушылар өз пікірлерін білдірді. Қазіргі таңда өзінің ардагер әкесінің Үштобе қаласы, Кальпе ауылында көше атауын алғаны туралы мақтанышпен айтты. Сондай-ақ, көше атауларына ардагер атасының және әкесінің есімдерін беру дұрыс және маңызды екендігі туралы ойымен бөлісті.
  6. Ахметжанов Жандос — Ұлы Отан соғысына қатысқан атасы Іргебаев Ахметжан ІІ дәрежелі ордені бар екендігі туралы айтып. Өзінің Жастар 1/1 тұрғын үй алабында тұратындығы және атасының есімін көшенің атауларына қосу туралы ұсыныс жасады.
  7. Бектенов Ерболған — Өтенай ауылындағы көшелерге атауларын көрсету мақсатында көше аншлагтарын  ілуді ұсынды.

Отырыс төрағасы, Өтенай ауылдық округінің әкімі Р. Малтаев: Құрметті қауым, аталған мәселе бойынша белсенді қатысып, өз ой-пікірлеріңізбен бөлісулеріңізді сұраймын!Көшелерге беріліп отырған тұлғалар жайлы толық ақпарат берілді. Осымен дауыс беруге көшейік.

Құрметті қатысушылар, қалай дауыс береміз: барлық көшелерді тізім бойынша бірден бе, әлде әр көшені жеке-жеке қараймыз ба?

Тұрғындар барлық көшелерге бірден тізіммен дауыс беруді ұсынды.

Отырыс төрағасы, Өтенай ауылдық округінің әкімі Р. Малтаев: Жақсы, аталған 9 көшеге атау беруді кім қолдайды? Қарсы? Қалыс? Жоқ. Қабылданады.

Жергілікті қоғамдастық мүшелері мен Жастар 1/1 тұрғын үй алабының  тұрғындары 2 көше атауын  Харламов Василий көшесі және Воронин Андрей көшелерінің  атауына қарсылығын білдірді.

Ал қалған 7 көшеге, яғни Қалилаханов Тәңірберген көшесі, Жалбағаев Айтбек көшесі, Малин Иван көшесі, Бендиков Степан көшесі, Каримов Елубек көшесі, Битюков Иван, Түстікбеков Қайыпбай көшелеріне атау беруді, бірауыздан  қолдаған тұрғын саны- 30, қарсы шыққан – 0, қалып қалған тұрғын саны- 0.

Отырыс төрағасы, Өтенай ауылдық округінің әкімі Р. Малтаев:

Бүгінгі қаралған мәселе бойынша хаттама бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, қалалық мәслихат пен әкімдіктің бірлескен шешімімен облыстық ономастикалық комиссияның қарауына ұсынылады.

Тұрақты комиссия төрағасы айтылған ұсыныс әлі де жергілікті атқарушы органмен бірлесе қаралатынын айтып,  отырысты «жабық» деп жариялады.

 

 

Жиын төрағасы

Өтенай ауылдық округі әкімі                                         Р.Малтаев

 

   

Хатшы:                                                                             Д.Серикова

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз