Жетісу облысында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай жасанды интеллектінің көмегімен мурал салынды
Жетісу облысында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай жасанды интеллектінің көмегімен мурал салынды. Жаңа арт-нысан Текелі қаласындағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінің шырайын кіргізді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жобаның ерекшелігі сол, жасанды интеллект арқылы жасалған бейнені суретшілер бір тәуліктің ішінде үйдің қабырғасына бейнелеп шыққан. Муралдың салтанатты ашылуында Абай шығармаларынан көркем оқулар ұйымдастырылды, сол сияқты ойшылдың жастарға арналған...
Талдықорғанда «Абай – мәңгілік ғұмыр» атты поэзия кеші өтті
2025 жылғы 10 тамызда Талдықорған қаласының «Абай» мейрамханасында қазақтың ұлы ойшылы, ақын және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты 10 күндік іс-шаралар аясында «Абай – мәңгілік ғұмыр» атты поэзия кеші ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – ұлы ақынның рухани мұрасын дәріптеу, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтар мен мәдениетті сіңіру, сондай-ақ Абай шығармашылығын жаңа қырынан таныту. Кеш...
Қорғас жаңа инвестициялық жобалардың орталығына айналады
Жетісу облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қытайдың жетекші корпорациялары – «China Minmetals Corporation» және «CITIC Construction Co. Ltd» басшылығымен екіжақты кездесулер өткізді. Негізгі назар логистика, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу сияқты негізгі секторлардағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға аударылды.
«China Minmetals Corporation» басшылығымен Азия мен Еуропа арасындағы құрлықаралық бағыттағы...
Жылу энергиясын тұтынушыларының назарына!
«Талдықорғанжылусервис» КМК алдағы 2025-2026жж. жылыту маусымына дайындық барысында жылу беру көздерінде, сорғы қондырғыларында және жылу желілерінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты 2025 жылдың 11-23 тамыз күндері аралығында ыстық су беру қызметін тоқтатады.
Абайдың ой-толғамдары мен өсиеттерінің өзектілігі ешқашан жоғалмайды — Президент
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай өтетін салтанатты іс-шараға қатысушыларға құттықтау жолдады.
-Қадірлі қауым! Сіздерді Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуымен құттықтаймын! Абай – төл мәдениетімізді дамытуға өлшеусіз үлес қосқан әлемдік деңгейдегі кемеңгер тұлға, халқымыздың сана-сезімін жаңғыртқан ұлы ақын. Ол жаңа әдебиетіміздің негізін қалап, дүниетанымымыздың көкжиегін кеңейтті. Өскелең ұрпақты білімпаз, еңбекқор, адал азамат болуға шақырып, ұлттың...
Президент тазы мен төбетті ұлттық бренд ретінде кеңінен насихаттау жөнінде тапсырма берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев World Dog Show 2025 дүниежүзілік көрмесіне қатысып, халықаралық аренада лайықты бағасын алған қазақы тазыны ұлттық бренд, мәдениетіміздің ажырамас бөлшегі ретінде халықаралық деңгейде толық таныту ортақ міндет екеніне назар аударды.
Бұл туралы бүгін өзінің Telegram арнасында Қазақстан Президентінің кеңесшісі — баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды.
Атап айтқанда, тазы тұқымын дамыту және бірегей қасиеттерін сақтау, жүйелі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу,...
Абай Құнанбайұлына – 180 жыл: Жетісуда Ұлы ақынның рухына тағзым етілді
Бүгін Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аясында Талдықорған қаласындағы ақын ескерткішінің алдында мерекелік шара өткізіліп, ақын рухы ардақталды. Шараға облыс басшылығы, өңірдегі зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, жастар өкілдері, облыс жұртшылығы қатысты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Бикен Римова атындағы драма театрының алдындағы алаңға жиналған қауым алдымен жергілікті актерлардың қатысуымен қойылған театрландырылған көрініске куә болды. Онда...
«Жас ұстаз: табысқа апарар жол» форумы еліміздің жас педагогтерін бір арнаға тоғыстырды
Бүгін Астанада «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының жас мұғалімдерге арналған «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» республикалық форумы өз жұмысын бастады. Форумда еліміздің барлық өңірінен кәсіби жолын енді ғана бастаған, жаңа идеяларға ашық әрі үнемі өзін жетілдіруге ұмтылатын 300-ге жуық ауыл ұстазы бас қосты.
Қатысушыларға арнаған құттықтау лебіздерін форум мінберінен «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының бағдарламалар мен жобалар жөніндегі басқарушы...
Жетісулық құрылысшыларға кәсіби мерекеде мемлекеттік марапаттар тапсырылды
Жетісу облысында Құрылысшылар күніне орай сала мамандарына құрмет көрсетіліп, облыс әкімі Бейбіт Исабаев бірқатар азаматқа мемлекеттік марапаттар тапсырды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Талдықорғандағы Салтанат сарайында өткен мерекелік шарада жиналған көпшілікті кәсіби мерекелерімен құттықтаған өңір басшысы қоғам өміріндегі құрылыс саласының маңызына тоқталып, сала мамандарының экономиканы ілгерілетудегі, халықтың тұрмыс сапасын жақсартудағы ерен еңбегін, соның ішінде жобалаушы, сәулетші,...
«TazaLake Alakol»: Экологияны сақтауға бағытталған үлгілі бастама
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жарқын әрі ерекше «TazaLake Alakol» атты экологиялық іс-шара ұйымдастырылды. Табиғат аясында өткен бұл акция демалушылар мен жастарға жағымды әсер қалдырып, экологиялық сана қалыптастыруға бағытталды. Іс-шараның басты мақсаты - табиғатты аялау, қоршаған ортаға ұқыппен қарау мәдениетін насихаттау, сондай-ақ жастарға «Адал адам - адал еңбек - адал табыс» қағидатын дәріптеу болды.
Жиналғандар жағалау аумағын тазалап, қоршаған...





























