Асқар Қожабергенов — 28 гвардияшы панфиловшы батырлардың бірі
Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне 3 қаңтар күні берген сұхбатында: «Биыл Ұлы Жеңістің 80-жылдық мерейлі белесін атап өтеміз, Қазақстан үшін бұл датаның символдық мәні зор. Ұлы Жеңістің 80 жылдығы ерекше орын алады. Қазақстандықтар нацизмді талқандауға елеулі үлес қосты. Біздің аталарымыз бен әкелеріміз барлық майданда жанқиярлықпен соғысты. Жеңісті мерекелеуге арналған жоспарда көптеген іс-шара қамтылған» -деп атап көрсетті.
Осы орайда 28 панфиловшы...
Жеңіс үшін тер төккен тыл ардагері
Шәкенова Мәпіш Шәкенқызы 1933 жылдың 8 наурызында Талдықорған облысы, Андреев ауданы, Екпінді ауылында өмірге келген. Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері.
Мәпіш апамыздың да балалық шағы соғыс жылдарымен тұспа-тұс келіп сол кездегі өз қатарластарымен бірге «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деген ұранмен майдан даласында жүрген әкелерінің елге жеңіспен оралуына өз үлестерін қосу үшін балалық шағын ...
«Берік отбасы» жобасының бустерлық сессиясы басталды: ата-аналар мен жасөспірімдерді қолдау
«Берік отбасы» жобасының бустерлық сессиясы басталды, онда 7 - сынып оқушылары мен ата-аналары қарым-қатынас, стрессті басқару және сөзге келіспеуді шешу саласындағы білімдері мен дағдыларын тереңдете алады. Бағдарлама отбасылық қатынастарды жақсартуға және жасөспірімдерді дамытуға бағытталған әр топ үшін төрт негізгі бөлімді қамтиды.
Мысалы, бірінші бөлімде ата-аналар проблемаларды шешу, стресс факторларын анықтау және оларды жою жолдарын табу үшін арнайы білім беру әдістерін...
Құмар ойындарға қатысуға тыйым салынатын азаматтардың тізбесі кеңейтілді
Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау, ойын бизнесі және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екі оқылымда қаралып, мақұлданды.
Заң денсаулық сақтау саласындағы заңнамалық реттеуді жетілдіру, ойын бизнесі саласындағы жарнамалық қызметті реттеуді оңтайландыру, құмар ойындарға қатысуды бақылауды күшейту, сондай-ақ міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің ашықтығын арттыру мақсатында әзірленді.
Заңның міндеттері -...
Мемлекет басшысы ғалымдарды марапаттау рәсіміне қатысты
Президент Ғылым күні қарсаңында ғалымдармен кездесіп, кәсіби мерекесімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымның әр саласында табысты еңбек етіп, мемлекетімізді өркендетуге атсалысып жүрген азаматтарға ризашылығын білдірді.
– Ғылым жолы – күрделі жол. Өз ісіне адал, табанды, еңбекқор, жаңашыл әрі жасампаз адамдар ғана ғылым жолындағы қиындыққа төзе алады. Біз шын мәнінде озық ойлы ұлт боламыз десек, қоғамда осы қасиеттерді дәріптеп, орнықтыруымыз қажет. Ұлы...
Жүргізуші куәлігін қалай ауыстырамыз?
Жүргізуші куәлігі көбіне үш жағдайда ауыстырылады: жарамдылық мерзімі аяқталуға жақын қалған кезде, мерзімі өткенде немесе категорияны ауыстыру кезінде. Мұндай жағдайларда не істеу керек – оқыңыз.
Дереккөзі: “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорациясы” КЕ АҚ Жетісу облысы бойынша филиалы
Кене энцефалиті: жәндіктердің шағуынан қалай сақтануға болады?
Ашық ауада уақыт өткізу тек жағымды сезімдер әкелмейді. Кенені көктемде және жазда табиғатта, әсіресе орманда «ілестіру»қаупі көпшілікке белгілі.
Кенелер үнемі аурудың тасымалдаушысы бола бермейді - көп жағдайда олардың шағуы зиянсыз, бірақ кейбіреулері әртүрлі ауруларды, соның ішінде кене энцефалитін тасымалдауы мүмкін.
Кене энцефалиті келесідей беріледі:
- вирус жұқтырған иксод кенесі жабысқан кезде;
- кенелердің жаппай шабуылы кезінде ешкілердің, қойлардың, сиырлардың шикі сүтінде сирек жағдайда...
Жетісу облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Eco Hackathon: Жастар көзқарасымен» экологиялық акциясы өтті
Талдықорған қаласындағы Жеңіс саябағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында алғаш рет ашық аспан астында «Eco Hackathon: Жастар көзқарасымен» атты экологиялық акция өтті. Хакатонның басты мақсаты – жастардың назарын өңірдегі экологиялық мәселелерге аудару және оларды шешуге жұмылдыру. Сонымен қатар, 20 жасқа өз идеяларын ұсынуға және нақты экологиялық жобалар әзірлеуге мүмкіндік берілді. Акция аясында экология тақырыбында панельдік пікірталас алаңы ұйымдастырылып,...
Қала әкімі «Мектеп Барысы-2025» қатысушыларымен жүздесті
«Жетісу Жастары» орталығында қала әкімі Ернат Бәзіл «Мектеп Барысы-2025» қалалық турниріне қатысатын жас спортшылармен кездесті. Қала әкімі жас балуандарға сәттілік тілеп, алдағы жарыста жеңіске жету үшін бар күшін салуға шақырып, балуандардың толғандырған сұрақтарына жауап берді.
Бұл турнир жас өрендерге өз күшін сынауға мүмкіндік беріп, қазақ күресін одан әрі дамытуға бағытталған. Қала әкімдігі тарапынан көрсетілетін қолдау жастардың спорттық жолында үлкен рөл...
Талдықорған қаласынан екі тәулікте 2 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды
5 сәуір күні Талдықорған қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жоспарланған жалпы қалалық сенбілік ауа райының қолайсыздығына байланысты өтпеген еді. Алайда бұл жағдайға қарамастан коммуналдық қызметкерлер таңнан түнге дейін қала аумағында тұрғындардың аулаларға шығарған тұрмыстық қоқыстарын жинап, алынды.
Нәтижесінде, қала аумағынан 1800 тонна қоқыс шығарылды. Бұл жұмыстарға 67 арнайы техника жұмылдырылды, ал қала тұрғындары да белсенділік танытып, өз үлестерін қосты.
Қала әкімінің...




























