3.9 C
Taldykorgan, KZ
Понедельник, 12 января, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 193

Оқ дауысы мәңгілік жойылсын

Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген, Оқ дауысы мәңгілік жойылсын. Бомбаның орнын тегістеген, Күректер музейге қойылсын, – деген әнді тыңдағанымыз болмаса, соғыстың өзін көрмедік. Бірақ, сонау балаң кезден тілегіміз бейбітшілік пен тұрақтылықтан айырылып қалмай, тыныштықпен өмір сүру болды. Бүгінгі ұрпаққа да тілегіміз осы. Біз соғысты көрмедік, алайда зардабына куәміз. Соғысқа қатысқан жауынгерлерді, жастық шақтарын қиындықтың құрсауында өткізгендерді ешқашан да ұмытпаймыз. Алапат соғыстың орны толмас...

Жасыл Қазақстан: Денсаулық сақтау вице-министрі ағаш отырғызу акциясына қатысты

Жетісу облысына арнайы іссапармен келген ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Талдықорған қаласындағы «Таза Қазақстан» жобасы аясында өткен ағаш отырғызу акциясына қатысты. Орталық саябақта өткен іс-шараға спорт саласының қызметкерлері, танымал спортшылар және параспорт өкілдері жиналып, жасыл желек отырғызуға өз үлестерін қосты. ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев пен Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев қылқан жапырақты ағаштарды бірге...

МӘМС аясында тегін дәрі-дәрмек кімдерге беріледі?  

Денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілер азаматтарда белгілі бір аурулар болған кезде ТМККК және МӘМС қаражаты есебінен амбулаториялық деңгейде дәрілік заттар және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуге құқылы екенін айқындайды. Бүгінгі күні емханаларда МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 261 атауы 68 сырқат бойынша және ТМККК шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 386 атауы 52 сырқат бойынша қамтамасыз етіледі. МӘМС аясында,...

«Ұлттық кітап күні» аясында кітап апталығы бастау алды

Мемлекет басшысының қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында берген тапсырмасына сәйкес, Үкімет Қаулысымен Қазақстанда «23 сәуір – Ұлттық кітап күні»  жаңа мереке болып бекітілді. Қалалық кітапханада алғаш рет аталып өткелі жатқан «Ұлттық кітап күні» фестивалі 16-23 сәуір аралығында кітап апталығы бастау алды. Осыған орай, 2025 жылғы 19 сәуір күні қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет...

Халықтың қазыналы мұрасы

3-ші бөлімшедегі № 7 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен 18 сәуір - Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар қорғау күніне орай «Халықтың қазыналы мұрасы – көне ескерткіштер» атты ақпарат сағаты өткізілді.  Кітапханашы Күміс  Жұмаділқызы: Бұл шараның мақсаты - өлкеміздің рухани және құнды мұраларын көздің қарашығындай сақтау, жастардың Отанға, елге, жерге деген патриоттық сезімін арттыру, ескерткіштер мен тарихи жәдігерлерді қадірлеп, қастерлеуге, сақтауға үйрету,-...

Ұлттық кітап күні. Кітап-рухани азық

Мемлекет басшысының бекітуімен тұңғыш рет елімізде 23 сәуір- Ұлттық кітап күні болып белгіленіп, кітапханаларда  түрлі шаралар өтуде. Осыған орай  Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында  «Ұлттық кітап күні»  фестивалі аясында «Кітап -миға керек азық» атты әдеби дастархан ұйымдастырылды. Бұл шараның мақсаты - халқымыздың асыл мұрасын, салт-дәстүрі мен ұлттық тағамдарымыз бен әдебиетіміздің арасындағы тығыз байланысты...

Таза Қазақстан: Журналистер үйі маңында ағаш отырғызылды

"Таза Қазақстан" жобасы аясында Талдықорған қаласындағы Журналистер үйінің маңында ағаш отырғызу шарасы өтті, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы. Бұл игі іске БАҚ өкілдері мен жастар белсенді қатысып, өз үлестерін қосты. Шара барысында қылқан жапырақты ағаш көшеттері отырғызылып, қаланың көркін арттыруға бағытталған жұмыс атқарылды. Ағаш отырғызу — болашаққа салынған үлкен инвестиция. Біз бүгін табиғатқа қамқорлық танытып қана қоймай, қоғамға жақсы үлгі көрсетіп...

Таза Қазақстан: Шарапаты мол шара

Талдықорған қаласында діни бірлестіктер мен мешіт қызметкерлері және жамағат сенбі күнін игі іске арнап, ағаш отырғызуға белсене қатысты. Шараға Жетісу облысы әкімінің орынбасары Диас Есдаулетов пен облыстық дін істері басқармасының басшысы Сағыныш Жаңабай арнайы қатысып, қолдау білдірді. Дін өкілдері әрқашан жамағатты ізгілікке, сауапты істерге үндеп келеді. Шариғатта қоршаған ортаға қамқорлық жасау – Алланың разылығына жеткізетін істердің бірі ретінде айтылады. Осы...

Таза Қазақстан: Ағаш отырғызу — мәдениеттің мәйегі

Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында тарихи тұлғалардың ескерткіштері қаланың келбетін көркейтіп, келген қонақтардың назарын өзіне аударады. Солардың бірі — Арқаның Біржанымен айтысқан Ақын Сараның ескерткіші. Бұл ескерткіш Талдықорған қаласының қақ ортасында, өзі атындағы көшенің бойында орналасқан. Маңайы жасыл желекке оранып, қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналған. Бүгін осы көрікті орынға облыстың мәдениет қызметкерлері арнайы келіп, ескерткіш маңын тазалап, ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізді. Игі іске белгілі өнер қайраткерлері мен Жетісу облысы әкімінің орынбасары Диас Есдаулетов қатысып, олар...

Ақын Сара ескерткіші басына оқушылар гүл шоқтарын қойды

Халықаралық ескерткіштер қорғау күніне орай Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы мектеп -лицейдің 8в сынып оқушылары қаламыздағы Ақын Сара ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. «Жетісудың Сарасы – бар қазақтың дарасы» тақырыбында әдеби-тағзым ету шарасының тәрбиелік мәні зор. Бұл іс-шараның мақсаты: -Ақын Сараның шығармашылығын насихаттау, оның қазақ әдебиетіндегі орны мен рөлін жастарға жеткізу. Оқушылар ескерткіштің алдында жиналып, ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы қызықты...