ALGA! жобасы: Қарағанды мектептерінде алғашқы футбол сабақтары өтті
Қарағанды облысында облыс әкімі, аймақтық футбол қауымдастығы (QOFA) және Freedom Holding Corp. бастамасымен іске асырылған ALGA! жобасы аясында алғашқы футбол сабақтары өтті.
Бағдарламаға таңдап алынған он мектептің қатарында Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицей де бар.
Мұнда бастауыш сынып оқушылары футбол клубы «Шахтёрдың» қақпашысы Игорь Шацкиймен бірге алғашқы добын тепті.
Футболшы балалардың сұрақтарына жауап беріп, кеңес те берді.
— ALGA! жобасы балаларға тек футболшы ретінде...
Шымкентте ҚР Президенті жанындағы ҚР ҰҒА Перспективті кардиологиялық зерттеулер орталығы ашылды
ERNUR.KZ. «Шымкент жүрек орталығы» КеАҚ 25 жылдығына орай Қазақстан мен шетелден жетекші мамандарды біріктірген халықаралық кардиохирургтер конгресі өтті. Іс-шара тәжірибе алмасу және кардиохирургиядағы инновацияларды талқылау үшін маңызды алаңға айналды.
Конгресс шеңберінде ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясының Перспективті кардиологиялық зерттеулер орталығының ашылуы өтті. Оны құрудың бастамашысы ҚР ҰҒА академигі, кардиохирург Юрий Пя болды.
Орталық академияның өңірдегі алғашқы ғылыми бөлімшесі болады және...
ТЖМ басшысы Қарағанды облысында жаңа ерікті өртке қарсы құралым пунктін ашты
Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов Бұқар жырау ауданының Баймырза ауылында жаңа ерікті өртке қарсы пункттің ашылуына қатысты. Іс-шараға облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, ақсақалдар, олармен қатар 94 жастағы тыл еңбеккері Абюр Садықов және жергілікті тұрғындар қатысты.
Пункттің ашылуы «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында өтті. Ауыл еріктілері өрт сөндіру техникасымен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етілген, бұл жабдықтар...
Қостанай облысының туристік инфрақұрылымы қалай дамып келеді
Бүгінгі таңда туризм саласы – сауда, қоғамдық тамақтандыру мен қонақ үй қызметін көрсету сияқты экономикаға қатысты өзге де салалардың дамуына тікелей ықпал ететін, болашағы зор қызмет түрлерінің бірі болып отыр.
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша орналастыру орындары көрсеткен қызмет көлемі 2,0 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 33,2%-ға артқан.
Өңірге келген қазақстандық азаматтардың саны – 121,9 мың адамды, шетелдік туристердің...
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3,4%-ға өсіп, 3,6 трлн теңгеге жетті
2025 жылғы қаңтар–тамыз қорытындысы бойынша Қазақстанда аграрлық өндірістің тұрақты өсімі байқалды. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3,4%-ға артып, 3,6 трлн теңгені құрады.
Өсім мал шаруашылығы өндірісінің 3,2%-ға (2 262,3 млрд теңге), өсімдік шаруашылығының 4%-ға (1 254,1 млрд теңге) ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.
8 айда 696,2 мың тонна ет (тірідей салмақта, +1,9%), 2 625,2 мың тонна сүт (+6%) және 3 011,7 млн...
Әлем чемпионаты: 13 қыркүйек күні қандай жекпе-жектер өтеді?
Ливерпуль қаласында ұйымдастырылып жатқан әлем чемпионатында Қазақстан сапынан Виктория Графеева (60 келі) мен Елдана Талипова (+80 келі) қола жүлдегер атанды.
Ал Аида Әбікеева (65 келі) мен Айбек Оралбай (+90 келі) чемпиондық айқасқа таласуға мүмкіндік алды.
Ертең 6 отандасымыз жартылай финалдық кездесулерін өткізеді. Одан бөлек, 3 салмақта чемпион анықталады.
📍Күндізгі сессия (16:00)
1-жұп. 48 келі. 1/2 финал
🇰🇿Назым Қызайбай🆚🇺🇿Сабина Бобокулова (Өзбекстан)
7-жұп. 50 келі. 1/2 финал....
Асылжан Есенгелді мен Азамат Дәулетбеков әлем чемпионатының ширек финалында
Бүгін Хорватия астанасы Загребте басталған еркін күрестен әлем чемпионатында ширек финалға жолдама алған қазақ спортшыларының саны үшеуге жетті.
Асылжан Есенгелді (-61 кг) Аустралия атынан Париж Олимпиадасында сынға түскен Георгий Окороковты таза жықты.
Әлем чемпионатының 2 дүркін қола жүлдегері Азамат Дәулетбеков (-86 кг) Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, 3 дүркін әлем чемпионатының жүлдегері Магомадхабиб Кадимахамедовті (UWW, Беларусь) айқын басымдықпен жеңді. Есеп: 8-1.
Асылжан біраздан...
Тұрақты табыс пен өрлеу негізі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған биылғы Жолдауында инвестиция мәселесіне ерекше тоқталды. Мемлекет басшысы қазіргі саясатты «мардымсыз» деп атап, елге қомақты әрі сапалы инвестиция тартудың жаңа кезеңіне қадам басу қажеттігін айтты.
Мемлекет басшысы Үкіметке инвестициялық саясатты түбегейлі жаңғыртуды тапсырды. Бұдан былай қаржы тек шикізат саласына емес, өңдеу өнеркәсібі мен жоғары технологиялық жобаларға бағытталуы тиіс. Ол үшін салықтық жеңілдіктер мен ынталандыру шаралары...
Бикен Римова атындағы драма театрының 50 жылдығына арналған кітап жарық көрді
Талдықорғанда Бикен Римова атындағы драма театрының 50 жылдығына арналған ғылыми-танымдық конференция өткізіліп, өнер ордасының жарты ғасырлық тарихына арналған кітаптың тұсауы кесілді. Бұл мерекелік шараға көрнекті өнер қайраткерлері, еліміздегі театрлардың өкілдері, Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының профессор-оқытушылары, жергілікті зиялы қауым өкілдері қатысты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Өңір басшысының атынан конференцияға қатысушыларды құттықтаған облыс әкімінің орынбасары...
«Құлагер» шағын ауданында жаңа саябақ ашылды
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес «Бірлік» және «Құлагер» шағын аудандарында жаңа демалыс аймақтарын салу бойынша ауқымды жобалар қолға алынған болатын. Биыл осы жобалар сәтті жүзеге асып, тұрғындардың игілігіне берілуде. Осы орайда Қала күні қарсаңында «Құлагер» шағын ауданында жаңа заманауи саябақтың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – қала тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізуіне, балалар мен жастардың таза ауада демалуына қолайлы орын...





























