14.3 C
Taldykorgan, KZ
Вторник, 28 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 190

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Қызылтас–Тасбақа» шатқалында экологиялық квест өтті

Қала іргесіндегі әсем табиғатымен көркем, тарихи жәдігерлерге бай өлке «Қызылтас–Тасбақа» шатқалында экологиялық квест ұйымдастырылды. Аталған шара «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында және Қала күні мерекесіне орай өтті. Тазалық шарасына қала әкімінің орынбасары Жеңіс Андабеков, қоғам белсенділері, табиғат жанашырлары және ерікті жастар қауымы қатысты. Шараның мақсаты табиғатты аялау, оның тазалығын сақтау арқылы жас буынның бойына экологиялық мәдениетті терең сіңіру және оны...

«MISS TALDYQORGAN – 2025» сұлулық байқауының жеңімпазы анықталды

Облыс орталығы Талдықорғанда Қала күні қарсаңында көпшілік асыға күтетін дәстүрлі «MISS TALDYQORGAN – 2025» сұлулық байқауының ақтық кезеңі өтті. Биылғы байқауға 30-дан астам ару өтініш білдіріп, олардың арасынан 15 бойжеткен ақтық сынға жолдама алды. Бұл сұлулар алдын ала іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өтіп, финалға өткен үздіктер қатарынан табылды. Байқаудың басты ерекшелігі — «MISS KAZAKHSTAN-2025» сұлулық байқауының PR-директоры Құралай Құрманның арнайы келіп, әділқазылар...

«Бақыт құшағында» мюзиклы 23 қазаннан барлық кинотеатрларда

2025 жылдың 23 қазанында қазақтың ұлы композиторы Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығы аясында жаңа мюзикл фильм экрандарға жол тартпақ. Фильм толығымен композитордың әндерімен шабыттана отырып өндірілген.  Фильмнің бас продюсері әрі режиссеры New York Film Academy түлегі Санат Шапашовтың мәліметінше, фильм үшін арнайы Ш. Қалдаяқовтың 13 әні симфониялық оркестр сүйемелімен жазылып, саундтрек ретінде ұсынылады. Фильмнің шығармашылық тобына композитордың ұлы Мұхтар Қалдаяқов пен...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Отбасы күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар! Баршаңызды Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – ұлтымызды мейірім мен қамқорлық, өзара қолдау мен азаматтық жауапкершілік сияқты мызғымас құндылықтар аясында ұйыстыратын тамаша мереке. Отбасы – халқымыз үшін қасиетті ұғым. Әр адам, ең алдымен, өзінің қастерлі шаңырағында тұлға ретінде қалыптасады, үлгі-өнеге алып, нағыз азаматқа тән игі қасиеттерді бойына сіңіреді. Отбасында көрген тәлім-тәрбиенің арқасында елімізде отаншыл, еңбекқор, білімді және мәдениетті ұрпақ...