BIKEN FEST ІІІ» халықаралық фестивалі: Жетісуда шетелдік және отандық тоғыз театр марапатталды
Жетісу облысында бес күнге жалғасқан «BIKEN FEST ІІІ» халықаралық фестивалі мәресіне жетті. Өнер мерекесіне қатысушы ұжымдар тоғыз номинация бойынша марапатталып, Бас жүлдені «Абай айтқан Еңлік-Кебек» спектаклімен Абай облыстық қазақ музыкалық драма театры еншіледі. Атап өтсек, биыл Бикен Римов атындағы театрға 50 жыл толып отыр, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Фестивальдің жабылуына арналған салтанатты жиында облыстық мәдениет,...
Бастамаларға негіз көп
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сенат пен Парламент мәжілісі депутаттарының біріккен отырысындағы халыққа жаңа Жолдауын ыждахатпен тыңдадым. Бұл құжат ел өміріндегі үлкен бетбұрысқа жол ашатын, саяси жаңғыруға серпін беретін маңызды жаңалықтарға толы екені анық.
Әлемдік саяси кеңістіктегі орын алып отырған соғыстар мен дін, ұлтаралық қақтығыстарға қатысты мәселелердің еліміздің әлеуметтік, экономикалық даму үрдісіне салқыны тиетіні меңзелді. Өте күрделі жағдайда өмір сүріп отырғандықтан...
Ғылым мен инновацияға жаңа серпін қажет
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жасаған Жолдауында еліміздің білім экономикасына көшу бағытын айқындап, ғылым мен инновацияны басқаруда жаңа тәсілдер қажет екенін ерекше атап өтті.
Қазіргі таңда әлемдік дамудың басты қозғаушы күші – білім мен технология. Қазақстан да бұл үрдістен қалыс қалмай, ғылымға, инновацияға, жасанды интеллектке басымдық беріп отыр. Алайда Мемлекет басшысы атап өткендей, ғылымға бөлінген қаржының қайтарымы әлі...
Бибігүл Жексенбай: Жолдау – елдің болашағын айқындайтын стратегиялық құжат
Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы Қазақстан халқына Жолдауындағы негізгі басымдықтарға тоқталды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Депутаттың айтуынша, биылғы Жолдау дәстүрлі үндеу ғана емес, елдің даму бағытын айқындайтын стратегиялық бағдарлама:
«Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы – нақты тапсырмалар мен ұлттық идеяларды тоғыстыратын маңызды құжат. Ол Қазақстанның болашағы үшін жаңа технологиялық және әлеуметтік бағыттарды қамтиды», – деді Бибігүл...
120-150 депутат жеткілікті – Айдос Сарым
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында бір палаталы Парламент қалыптастыру жөнінде бастама көтерді. Бұл ұсыныс қоғамда қызу талқыланып жатыр.
Мәжіліс депутаты Айдос Сарымның айтуынша, Қазақстанда бір немесе қос палаталы парламенттің тиімділігі туралы мәселе жиі көтеріледі. Президент реформасын жүзеге асыру барысында қоғамдағы барлық пікірлерге жауап беруді көздеп отырғанын атап өтті.
«Бір жылдық талқылаудың ішінде «Парламент қандай болуы керек?», «Онда қанша депутат...
Ерлан Қарин: Биылғы Жолдаудың біріктіруші идеясы – цифрландыруды дамыту және жасанды интеллектіні жаппай енгізу
Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Президенттің бүгін Қазақстан халқына жолдаған Жолдауының маңызына тоқталды.
«Биылғы Жолдаудың біріктіруші идеясы – цифрландыруды кең көлемде дамыту және жасанды интеллектіні жаппай енгізу. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың түрлі салаларына цифрландыру мен жасанды интеллект құралдарын жеделдетіп енгізу міндетін жүктеді. Бұл қадамның барлығы жинақтала келіп, Қазақстанның жаңа Ұлттық цифрлық даму стратегиясына біріктіріледі.
Қазақстан жаңа технологияларды дамыту мен енгізуде кешенді әрі...
Әсел Әбен: Өңдеу өнеркәсібі – экономиканың тұрақтылығын арттыратын басты фактор
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында экономиканың орнықты дамуы үшін өңдеу өнеркәсібін ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті. ҚСЗИ экономикалық саясатты талдау бөлімінің бас сарапшысы Әсел Әбен бұл қадамды елді шикізатқа тәуелділіктен арылтып, тұрақты өсімге бастайтын маңызды бағыт деп бағалады.
Сарапшының айтуынша, өңдеу секторының дамуы экономиканы әртараптандырып, шикізат бағасының ауытқуына тәуелділікті азайтады. «Сала бәсекеге қабілетті өнім шығаруға бағытталуы тиіс», – дейді ол.
Соңғы...
Президент Жолдауына түсіндірме
5514 әскери бөлімнің командирі, полковник Амир Мансуров Қазақстан Президентінің Жолдауына қатысты пікір білдірді.
2025 жылғы 8 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» тақырыбымен Жолдауын жариялады. Президент елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын айқындап, цифрлық трансформацияның ұлттық қауіпсіздік, білім беру, экономика және қоғамдағы маңызын атап өтті....
ҚазҰУ-да «Жасанды интеллект және медиа» бағдарламасы іске қосылды
Елімізде алғаш рет Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультетінде «Жасанды интеллект және медиа» білім беру бағдарламасы ресми түрде реестрге енді. Бұл бағдарлама – медиа мен заманауи технологияны ұштастыратын жаңа буын мамандарын даярлауға бағытталған маңызды қадам.
Жаңа білім беру бағдарламасы аясында болашақ медиамамандарға жасанды интеллект, нейрожелі, үлкен деректермен жұмыс істеу, Data Science, Python бағдарламалау тілі сияқты пәндер оқытылады. Бұл пәндерді меңгерту үшін...
Үкімет туризм саласын дамыту мәселелерін талқылады
Үкіметте Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы аясында туризмді дамыту жұмыстары қаралды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың төрағалығымен өткен кеңеске орталық мемлекеттік органдар мен өңірлердің өкілдері қатысты. Жиында туристік аймақтардың жағдайы және Президент тапсырмаларын орындау бойынша есептер тыңдалып, негізгі туристік дестинацияларға жасалған іссапарлардың қорытындысы ұсынылды.
Ермек...





























