Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сенат пен Парламент мәжілісі депутаттарының біріккен отырысындағы халыққа жаңа Жолдауын ыждахатпен тыңдадым. Бұл құжат ел өміріндегі үлкен бетбұрысқа жол ашатын, саяси жаңғыруға серпін беретін маңызды жаңалықтарға толы екені анық.
Әлемдік саяси кеңістіктегі орын алып отырған соғыстар мен дін, ұлтаралық қақтығыстарға қатысты мәселелердің еліміздің әлеуметтік, экономикалық даму үрдісіне салқыны тиетіні меңзелді. Өте күрделі жағдайда өмір сүріп отырғандықтан халқымыздың тәуелсіздігіне, бейбіт тіршілігіне нұқсан келмейтін саяси дұрыс бағыттан жаңылмауға тиіспіз. Дегенмен қарапайым халық үшін ең бастысы азық-түлік өнімдерінің шамадан тыс қымбаттамауы шарт. Бұл орайда Мемлекет басшысының Жолдауында Үкіметке аграрлық саланы жаңаша жаңғыртудың, ауыл шаруашылық өндірісін цифрландыру мәселесі жөніндегі тапсырмасы маңызды тұжырым.
Біздің елде халықты азық-түлікпен молынан қамтамасыз етудің негіздері баршылық. Ежелден шаруа баққан аграрлы елдің осы мүмкіндіктерінің нәтижелі жұмыс жасауына билік тарапынан шынайы, адал қамқорлықтар керек. Жаркент өңірі ежелден жеміс-жидеке өте бай аудан. Алайда осы игілікті ұқсатып, пайдаға асыратын өнеркәсіп орыны жоқ. Президент Жолдауында айтылған ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеп, дүкен сөресіне дейін жеткізу туралы бастама кәсіпкер жерлестерімізге де ой салары сөзсіз.
Әлен ЖОЛДАСОВ
«Қамқорлық» ЖШС төрағасы





























