Еңбегі жанған инженер
Ел ішінде адал өмір сүріп, халық игілігі үшін еңбектенген азамат көп. Олар қандай марапатқа, алғысқа да лайықты. Сондай азаматтың бірі – биыл 75 деген мерейлі жасқа келіп отырған Самат Мырзахметұлы.
Саматтың әкесі Мырзахмет Тоқбайұлы мен анасы Бегіміш Ауғанбайқызы да елге сыйлы, ортасына беделді болды. Ынтымағы жарасқан отбасы Аман, Аманқұл, Жаманқұл, Жақсықұл және Сәрсен есімді 5 ұл тәрбиеледі. Самат осы отбасының...
Шыдам шыңдаған шебер
«Ерінбеген етікші болады» дейді қазақ. Бірақ, ешкім еріккеннен етікші болмайды, ерінбегендер ғана етікші бола алады. Бұл сөзімізді Ескелді ауданында ерек кәсіп етіп отырған Тілек Нағызхан дәйектейді. Айтуынша, ұсақ жұмысы көп бұл кәсіпке шыдам мен сабырды серік етпегендер келмейді. Ерінбегендер ғана етікшілікпен айналыса алады.
Тілектің бұл атакәсібі емес. Қытайдың Тарбағатайынан 2013 жылы қоныс аударып келеді. Әу баста әр кәсіптің басын шалады....
«Дастарқанның» өнімі
Еңбек адамына кәсіп бастауға ештеңе кедергі бола алмайды. Ең бастысы, ниет болса болғаны. Отбасымен тұшпара түйіп, кәсібін өркендетіп отырған Бірлік ауылының тұрғыны Гүлвира Кәменованың ісі көпке үлгі.
Аудан орталығы дүкендеріндегі мұздатқышта бірінші көзге түсетін – «Дастарқан» атауымен әзірленген жартылай дайын тағамдар. Бұл шағын ауылдың брендіне айналған өнім. Дәмді әрі жеңіл дайындалатын тағам сиыр, қой, жылқы етінен жасалады. Ең бастысы, кәсіп...
ЖҮЗІНЕН НҰР ТӨГІЛГЕН
Адамның жүрегі қаншалықты мейірімді болса, жүзінен соншалықты жылылық, нұр төгіліп тұратынын әсілінде жұрт біледі. Ондай жанның қасынан табылудың өзі бір ғанибет. Айналасына шуақ шашып, пенделіктен биік тұратын тұлғалардың тұғыры қашанда қадірлі. Халықаралық қыз-келіншектер мейрамында көркем мінезі, тиянақты ісімен ұжымға сіңген ана жөнінде әңгіме қозғағанды дұрыс санадық.
Қазақи болмысы, сабырлылығы, өз жұмысына берілген қасиеті Зәуре Сембайқызын көпшіліктен даралап тұратынын баспаханаға баратын...
Еркіннің көктерегі
«Елге ел қосылса құт қонады» дегендей, шетелден оралған қандастарымыз еліміздің өркендеуі үшін үлес қосуда. Көксу ауданы, Мұсабек ауылында тұратын Еркін Пидахметұлы 15 жыл бойы тынымсыз еңбектеніп, ауылдың тау жақ бөктеріне 8 мың түп көктерек көшетін отырғызып, оны күтіп-баптап, бүгінде аспанмен бой таласқан бау-бақшаға айналдырды. Әрине, осы талпыныстың қалқасында қаншама еңбек, төзімділік, күш-жігер жатқанын есептей беріңіз.
Атажұртқа сонау 2008 жылы біржолата...
Тарам жолдар тамыршысы
Еңбекқорлық ата-анасының бала кезден оның бойына сіңірген басты қасиеті. Бүгінде 18 жылдық еңбек өтілі бар шойын жол бекетінің диспетчері Әсел Нұрғалиева бала кезінде өмірін теміржол қызметімен байланыстырам деп ойламаған да шығар.
Дегенмен біздің кейіпкеріміз балалық шағын негізгі тіршілігі теміржолмен байланысты кішкентай ғана қалада өткізіпті. Қала тұрғындарының көпшілігі теміржолда жұмыс істеп, көше балалары соларды күнделікті көріп, олардың жақсысы мен жайсаңына еліктеп...
Асылбек – алғыр азамат
Темір жол қызметі көптеген түрлі мамандықтармен байланысты. Теміржолшылар арасында инженерлер, машинистер, диспетчерлер, вагон құраушылар, электромеханиктер, жолсеріктер, кезекшілер, қабылдап-жөнелту, тағы басқа толып жатқан кәсіп иелерін кездестіресіз. Солардың соңғыларының бірімен халықаралық «Алтынкөл» стансасында таныстық. Ол белгілі бағытқа вагондарды қабылдап-жөнелтуші Асылбек Сейдахмет болатын.
Асылбектің айтуынша жүк тиелген вагондарды қабылдап алып, жолға аттандыру өте маңызды, күрделі жұмыс. Ол вагонға тиелген құрал-жабдықтардың қауіпсіздігі мен ерекшелігіне...
Қоғамға қажет болу үшін…
Өкініштісі, жыл өткен сайын елімізде есірткі заттарын пайдаланушылар саны артып келе жатқанын нарколог дәрігерлер дабылдатып отыр. «Жаман әдет жұғымтал» демекші, денесіне есірткі егіп еліретіндер қарулы күштер қатарына да дендегені байқалады. Бұл дертпен қалай күресу керек? Оны жауынгерлер жолынан аластаудың амалы қайсы? Осы сауалдар төңірегенде Панфилов шекара басқармасының әскери құрамымен аудандық ауруханасының наркологі Дәурен Қойбағаровтың кездесуінде жан-жақты әңгіме қозғалды.
«Есірткіге тәуелділіктің...
Жетісу облысында «Жеңіс эстафетасы» салтанатты түрде қабылданды
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті шекарашылары ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жеңіс эстафетасын» қабылдау салтанаты өтті.
Бұл маңызды іс-шара Абай облысының Аягөз қаласында ұйымдастырылып, Жетісу облысы, Үшарал қаласында жалғасын тапты.
Салтанатты шара барысында жергілікті атқарушы органдармен, өзара іс-қимыл жасайтын ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктерімен эстафетаны қарсы алу аясында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Жергілікті...





























