Жас шекарашылармен кездесу өтті
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Қорғас» шекара бөлімшесінің бастығы, капитан Н.Саттарханов Қорғас орта мектебінің оқушыларымен кездесу өткізді.
Іс-шара барысында «Жас шекарашы» үйірмесінің мүшелерімен сабақ өткізіліп, шекарашы мамандығының маңызы мен әскери қызметтің ерекшеліктері түсіндірілді. Сонымен қатар, оқушыларға патриоттық тәрбие мен ел шекарасын қорғаудың жауапкершілігі туралы мағлұмат берілді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы...
Елордадағы жәрмеңке: Жетісудан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 155 тоннадан астам өнім әкелді
Өткен демалыс күндері елордада өткен ауылшаруашылық жәрмеңкесіне жетісулық өндірушілер жалпы көлемі шамамен 155 тоннаны құрайтын 54 түрлі өнім әкелді, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жәрмеңкеге екі қаладан – Талдықорған мен Текеліден және Алакөл, Ақсу, Сарқан, Панфилов, Кербұлақ, Қаратал, Көксу, Ескелді ауданынан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысты.
Астанаға жеңілдетілген бағамен барлығы 154,8 тонна азық-түлік жеткізілді. Оның ішінде ет,...
Сіреспе және оның алдын алу жолдары
Сіреспе – «Clostridium tetani» бактериясының спораларынан туындайтын жедел жұқпалы ауру.
Бұл споралар қоршаған ортаның барлық жерінде, әсіресе топырақта, күлде, жануарлар мен адамдардың ішектерінде, нәжісінде, терінің бетінде және тот басқан шеге, ине, тікенді сымдар сияқты құралдарда кездеседі.
Споралар жоғары температураға және көптеген антисептиктерге төзімділігіне байланысты жылдар бойы өмір сүре алады.
Инфекция жаралар, сырылған жара, күйік, үсік шалу, үйде босану кезінде ластанған сыртқы орта...
Вирустық А гепатитінің алдын алу
Вирустық А гепатиті немесе боткин ауруы – А гепатиті вирусынан туындаған бауырдың жіті инфекциялық ауруы. Климаты жылы және санитариялық жағдайы төмен елдерде сырқаттанушылық көп тіркеледі.
Жұқтыру кезеңінен аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейінгі кезең орта есеппен 35 күн. Инфекция көзі – науқас адам, сыртқы ортаға ең қауіптісі сарғаю алды кезеңіндегі науқастар. Аурудың жасырын және сарғаюсыз кезеңінде жұқпаны жұқтыру процесі өте...
Кәсіптік аурулардың алдын алу
Кәсіби аурулар дегеніміз – зиянды еңбек жағдайлардың әсерінен туындаған ағзаның әртүрлі органдары мен жүйелерінің жұмысының бұзылуы. Кәсіптік ауруға еңбек қызметі кезінде зиянды факторлармен немесе заттармен өзараәрекеттесу нәтижесінде ағзаның функционалдық бұзылуы жатады. Бұған өндіріс жағдайынан туындаған қызметкердің созылмалы ауруларының әртүрлі асқынулары жатады.
Кәсіптік сырқаттанушылықтың негізгі себептерінің қатарында технологиялық процестердің жетілмегендігі, жеке қорғаныш құрал-жабдықтарын қолданбау, қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитария қағидаларын бұзу,...
Аммиакпен улану
Аммиак – өткір тұншықтырғыш иісі бар түссіз газ, ауадан жеңіл, суда жақсы ериді. Атмосфераға шыққан кезде түтін шығады.
Апат және аммиак төгілген кездегі халықтың іс-әрекеті: апат және күшті улы заттың (аммиакты) төгілуі туралы ақпарат алған кезде тыныс алу органдарын қорғау құралдарын, теріні қорғау құралдарын (жадағай, шапан) киіңіз, радио (теледидар) арқылы хабарламада көрсетілген бағытта апат аймағынан шығыңыз.
Химиялық инфекция аймағынан жел бағытына...
Лямблиоз және алдын алу шаралары
Лямблиоз – бұл лямблиоз протозойы тудыратын, жіңішке ішекке әсер ететін протозойлық инфекция. Ас қорытудың бұзылуымен көрінеді. Бұл жұқпалы қоздырғышты алғаш рет 1859 жылы чех дәрігері Д.Ф.Ламбал сипаттаған. Тек паразит емес, ауру да кейін оның атымен аталды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жыл сайын әлемде 200 миллионға жуық адам лямблияны жұқтырады. Көбінесе бұл Азия, Африка және Латын Америка елдерінде болады.
Лямблиоз...
Талдықорғанда Қала күні мерекесі аясында дәстүрлі бәйге жарысы өтті
Талдықорған қаласының ипподромында Қала күніне арналған Талдықорған қаласы әкімінің кубогы үшін ұлттық бәйге жарысы өтті. Шараны қала әкімдігі, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы және жергілікті атбегілер бірлесе ұйымдастырды.
Салтанатты ашылу рәсімінде қала әкімі Ернат Бәзіл жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтап, ұлттық спортты насихаттаудың және мәдени мұраны кейінгі ұрпаққа жеткізудің маңызын атап өтті.
Бәйгеге еліміздің әр өңірінен 200-ге жуық жүйрік ат қатысты. Жарыс үш...
Қала күніне талдықорғандық жастар ерекше тарту жасады
Облыс орталығы Талдықорған өз туған күнін атап өтуде. Қала күніне орай және «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Жетісу құрылыс-техникалық колледжінің «Дәнекерлеу ісі» мамандығының студенттері өз қолдарымен жасаған жүрекше пішінді ерекше мүсінді қалаға тарту етті.
Бұл бірегей мүсін қаладағы жағажай аумағына орнатылды. Темірден жасалған жүрек жастардың қаламызға деген махаббаты мен шынайы құрметінің белгісі іспеттес. Мұндай бастама ел ертеңі саналатын жас буынның өз...
Қала күнінде талдықорғандық 35 азамат марапатталды
Облыс орталығы Талдықорғанда қала күніне арналған мерекелік шаралар аясында бірқатар азаматтар қоғамдық өмірге қосқан үлестері үшін марапатталды.
Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан бұл мерекелік шара биыл да жоғары деңгейде ұйымдастырылып, Талдықорған жұртшылығына ерекше мерекелік көңіл күй сыйлауда.
Шара шымылдығын ашқан қала әкімі Ернат Бәзіл барша талдықорғандықтарды Қала күнімен құттықтап, ақжарма тілегін білдірді. Шара аясында қала әкімі қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына, мәдени және...





























