Қала күніне талдықорғандық жастар ерекше тарту жасады

74
Облыс орталығы Талдықорған өз туған күнін атап өтуде. Қала күніне орай және «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Жетісу құрылыс-техникалық колледжінің «Дәнекерлеу ісі» мамандығының студенттері өз қолдарымен жасаған жүрекше пішінді ерекше мүсінді қалаға тарту етті.
Бұл бірегей мүсін қаладағы жағажай аумағына орнатылды. Темірден жасалған жүрек жастардың қаламызға деген махаббаты мен шынайы құрметінің белгісі іспеттес. Мұндай бастама ел ертеңі саналатын жас буынның өз қаласының көркеюіне қосқан нақты үлесі.
Қала әкімі Ернат Бәзіл жүрек мүсінін ашылу рәсіміне арнайы қатысып, жастарға алғысын білдіріп, олардың бастамасына жоғары баға берді.
«Қаламыздың тарихын жазу бүгінгі жастардың қолында. Сіздердің осындай игі істеріңіз ертеңгі ұрпаққа өнеге болып, қаланың көркіне көрік қосатын мағыналы бастамаға айналуда. Бұл жүрек мүсіні мейірім мен махаббаттың, бірліктің символына айналсын», – деді қала басшысы.
Бұл жүрек пішінді мүсін алдағы уақытта шаңырақ көтеруге ниетті жастардың сүйікті орнына айналары сөзсіз.
Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз