Талдықорғанда Қала күні мерекесі аясында дәстүрлі бәйге жарысы өтті

90
Талдықорған қаласының ипподромында Қала күніне арналған Талдықорған қаласы әкімінің кубогы үшін ұлттық бәйге жарысы өтті. Шараны қала әкімдігі, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы және жергілікті атбегілер бірлесе ұйымдастырды.
Салтанатты ашылу рәсімінде қала әкімі Ернат Бәзіл жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтап, ұлттық спортты насихаттаудың және мәдени мұраны кейінгі ұрпаққа жеткізудің маңызын атап өтті.
Бәйгеге еліміздің әр өңірінен 200-ге жуық жүйрік ат қатысты. Жарыс үш кезең бойынша өтті:
🔹 Тай жарысы – 6 шақырым:
🥇 І орын – Дамир Асылқұлов (Жамбыл ауданы, Шиен ауылы). Ат иесі – Аманбек Муттахи.
🥈 ІІ орын – Раян Тілеубай (Жамбыл ауданы, Шиен ауылы). Ат иесі – Арыстан Кудибаев.
🥉 ІІІ орын – Ахмет Әбен (Алматы облысы, Жетіген ауылы). Ат иесі – Серік Сарманбетов.
🔹 Топ бәйге – 18 шақырым:
🥇 І орын – Ақжүрек Жақып (Ескелді ауданы). Ат иесі – Марлен Дауталипов.
🥈 ІІ орын – Нұрали Айтқабай (Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы). Ат иесі – Ғабит Садырқұлов.
🥉 ІІІ орын – Бақытбек Жоламан (Талдықорған қаласы). Ат иесі – ШҚ “Мадила”.
🔹 Аламан бәйге – 27 шақырым:
🥇 І орын – Жетісудың даңқты шабандозы Амангелді Хамза топ жарып, бас жүлде – Лада көлігін ұтып алды. Ат иесі – Қайрат Ізбасар.
🥈 ІІ орын – Мерей Гарапуллин (Алматы облысы, Балқаш ауданы). Ат иесі – Сапарғали Сатбаев.
🥉 ІІІ орын – Асланбек Абдыкал (Алматы қаласы). Ат иесі – Бағлан Нұрбасықов.
Жарыс көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлап, ұлттық рух пен салт-дәстүрімізді жаңғыртты.
Айта кетейік, Қала күніне арналған мерекелік шаралар бүгін өткен бәйге жарысымен түйінделді.
Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз