7 C
Taldykorgan, KZ
Суббота, 18 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 167

Қазақстан мен Мажарстан президенттері Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тамаш Шуйок Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығына барды. Инновациялық кеңістік еліміздегі заманауи технологияларды дамытуға, дарынды жастарды қолдауға, AI және ІТ сектордағы перспективті жобаларды ілгерілетуге арналған. Бұл экономикадағы цифрлық саланы жаңа деңгейге көтереді. Alem.AI Қазақстанның ғана емес, басқа да елдердің мамандарын шоғырландыратын орталық болмақ. Бірегей жоба ғылым, өнеркәсіп, креативті индустрия мен мемлекеттік қызмет көрсету секілді салалардағы технологияны...

Талдықорғанда «Таза бейсенбі» акциясы аясында 45 тоннадан астам қоқыс шығарылды

Талдықорғанда еліміз бойынша жүргізіліп жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған шараға спорт мектептері, коммуналдық қызмет мекемелері, жеке кәсіпкерлер және ерікті тұрғындар белсенді атсалысты. Олар өздеріне тиесілі іргелес аумақтарды ретке келтіріп, көшелер мен аулаларды қоқыстан тазартты. Акция барысында шамамен 150-ге жуық адам жұмылдырылып, нәтижесінде 45 тоннадан астам тұрмыстық...

Талдықорғанда «Жеңіс» және Орталық саябақтарына абаттандыру жұмыстары жүргізілуде

Облыс орталығы Талдықорған қаласында биыл абаттандыру жұмыстары жүйелі әрі қарқынды жалғасуда. Атап айтқанда, қала аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің шатыр жабындылары мен қасбеттері жаңартылып, тарихи ескерткіштердің айналасы абаттандырылуда. Сонымен қатар, «Жеңіс» саябағының аркасы заманауи талаптарға сай жаңғыртылса, Орталық саябақтың Қабанбай батыр көшесі жағындағы кіреберісіне жаңа арка орнату жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл жұмыстарды тамыз айында басталған болатын. Бұған қоса, Талдықорғанда «Тaza Qazaqstan» бағдарламасы аясындағы...

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысын ашып, бұл жиынның мән-маңызы ерекше екенін атап өтті. Президент жасанды интеллектіні дамытпай, жаһандық бәсекеге төтеп беру мүмкін еместігін еске салды. Цифрлық жүйелер мен жасанды интеллект егемен ел болудың кепіліне, экономикалық дамудың қозғаушы күшіне айналды. – Сондықтан біз де осы ахуалға сай алдымызға биік мақсат қойдық. Қазақстан үш жыл ішінде толыққанды цифрлық...

Ұстаз — ұлы тұлға

Облыс орталығы Талдықорғанда Оқушылар сарайында «Ұстаз - ұлы тұлға» атты ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты шараға қала әкімі Ернат Бәзіл қатысып, білім саласындағы оң көрсеткіштерге тоқталып, ұстаздарға ақжарма тілегін білдірді. «Ұстаздар күні - орны бөлек, дәрежесі биік, ең ұлық та ұлағатты мереке. Ұрпақтың ұлы мұраты жолында еңбек етіп жүрген ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек. Ұрпаққа білім беріп,...

Ұстаз – алтын діңгек: Жетісуда мұғалімдерге құрмет көрсетілді

Талдықорған қаласында өткен Ұстаздар күніне орай облыстың 100-ге жуық педагогы салтанатты жағдайда марапатталды. Мерекелік кездесуге білім саласының дамуына және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге елеулі үлес қосқан педагогикалық еңбектің ардагерлері мен мұғалімдер шақырылған, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Көпшілікті мерекемен құттықтаған облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов Мемлекет басшысы жүктеген міндеттердің маңыздылығына тоқталып, аймақтағы білім берудің сапасын, педагог мәртебесін арттыру...

«Едіге би» жырының қолжазбасы жарыққа шықты

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары қазақ халқының құнды мұраларының бірі – «Едіге би» жырының ең көне қолжазбасын цифрлы форматқа көшіріп, факсимиле нұсқасын жарыққа шығарды.  «Едіге би» жырына арналған қолжазба  шамамен XV ғасырда белгісіз автор тарапынан жазылған. Аталған жырдың алғашқы нұсқаларын XIX ғасырдың басында қазақ ғалымы, шығыстанушы және фольклорист Шоқан Уәлихановтың әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы  көшіріп жазып, сол арқылы  бұрын...

Жетісу облысында әлеуметтік нысандар жылуға қосыла бастады

Жетісу облысында жылыту маусымы басталғанға қарамастан әлеуметтік нысандар жылуға қосыла бастады. Дәл қазір барлығы 47 әлеуметтік нысанға жылу берілді. Олардың арасында Алакөл, Панфилов аудандары мен Текелі қаласындағы 32 мектеп, 8 балабақша, 7 аурухана бар. Қалған аудандар мен қалалар тәуліктік жылу температурасына қарай 4 қазаннан 15 қазанға дейін жылуға қосылады, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық энергетика және тұрғын...

ЖЕТІСУДА «АЛАТАУ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖАҢА ТУРИСТІК МАРШРУТ АШЫЛДЫ

Жетісу өңірінде тау туризмін дамытуға бағытталған «Алатау аманаты» жобасы жалғасын табуда. Панфилов ауданында «Сарыбел» атты жаңа туристік маршрут ашылып, аймақтың туристік әлеуетін арттыруға тағы бір қадам жасалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында және Жетісу облысына сапары барысында туризмнің ел экономикасы үшін стратегиялық маңызын атап өткен болатын. Президент атап өткендей, туризм – жасыл экономикаға көшу жолындағы негізгі бағыттардың бірі әрі...

Ұстаз көрген хат таныр

Ұстаз – ұлт ертеңін қалыптастыратын  тұлғалардың бірі. Өйткені ол тек білім үйретуші ғана емес, жас ұрпақ санасына жарық сәуле түсіретін шамшырақ іспетті. Оның шәкіртіне берген әрбір сөзі – болашақтың іргетасы, әрбір ісі – қоғам дамуының қозғаушы күші. Қарапайым ғана сынып бөлмесінен басталатын сабақ нәтижесі кейін ел тағдырына ықпал ететін үлкен істердің бастауына айналмақ. Тарихқа көз жүгіртсек, әр дәуірдің ұлы...