Талдықорғанда еліміз бойынша жүргізіліп жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы ұйымдастырылды.
Қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған шараға спорт мектептері, коммуналдық қызмет мекемелері, жеке кәсіпкерлер және ерікті тұрғындар белсенді атсалысты. Олар өздеріне тиесілі іргелес аумақтарды ретке келтіріп, көшелер мен аулаларды қоқыстан тазартты.
Акция барысында шамамен 150-ге жуық адам жұмылдырылып, нәтижесінде 45 тоннадан астам тұрмыстық және құрылыс қалдықтары арнайы полигонға шығарылды.
Айта кетейік, «Таза бейсенбі» экологиялық іс-шарасы әр апта сайын тұрақты түрде өткізіліп тұратын болады.
Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі





























