Бақытбек Бәмішпен тағылымды кездесу өтті
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының шекара бөлімшелері және кәсіптік-техникалық дайындық бөлімінің жеке құрамы Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының иегері, филология ғылымдарының кандидаты, Бауыржан Момышұлы атындағы “Намыс” төсбелгісінің иегері, белгілі ақын Бақытбек Бәмішпен кездесті.
Рухани тағылымға толы бұл кездесудің басты мақсаты – жеке құрамды ұлттық рухта тәрбиелеу, жауынгерлердің бойында патриоттық сезім мен отансүйгіштік...
Жетісу облысында Алакөлде жүзу құралдарының бақылаусыз қозғалысының мәселесі шешілді
Жетісу облысында Алакөлде жүзу құралдарының бақылаусыз қозғалысы мәселесі шешілді. Осы мәселені реттеу үшін жалпы су пайдалану қағидалары бекітілді, онда тиісті түсініктемелер беріліп, су айдынындағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарын сақтамағандарға жауапкершілік белгіленетіні атап көрсетілген. Көліктік бақылау инспекторларының саны және тиісінше шағын көлемді су құралдарының қатары да артпақ. Сонымен қатар жазғы шомылу маусымы барысында көл жағалауының санитарлық жағдайына ерекше назар аударылатын болады,...
Бейбіт Исабаев Парламент Сенатының депутаттарын қабылдады
Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары жөніндегі комитетінің төрағасы Нұрлан Бекназаров бастаған комитет мүшелерін қабылдады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Аталған комитеттің көшпелі отырысына Жетісуға арнайы келген депутаттарға ризашылығын білдірген облыс әкімі көшпелі отырыстың өңірдегі құқықтық тәртіпті сақтаудың өзекті мәселелерін, құқық қолданудың тиімділігін және заңнамалық өзгерістер...
Мемлекеттік рәміздер күні: Жаңа мемлекеттік қызметшілер адалдық антын қабылдады
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Талдықорған қаласында және Кербұлақ, Қаратал, Сарқан аудандарында мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет қабылданған 7 жас маманның салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өтті. Бұл маңызды шара – ел тәуелсіздігінің, бірлігі мен тұтастығының нышаны саналатын мемлекеттік рәміздерге деген құрметтің айқын көрінісі болды. Мемлекеттік қызметке қадам басқан әрбір жас маман үшін бұл күн...
5 маусым- Эколог күні. Қоршаған ортаны қорғау – парыз
2024 жылы ластайтын заттардың шығарындыларының нақты көлемі 13,3 мың тоннаны құрады, жылдық бекітілген лимит 45,1 мың тонна, 2023 жылы – 52,0 мың тонна болса, 2024 жылға шығарындылар лимиті 13,3%-ға азайды. Қалдықтарды көмудің нақты көлемі 104,2 мың тоннаны құрады, жылдық бекітілген лимит 5125,8 мың тонна. 2024 жылға қалдықтарды көму лимиті 341%-ға артты. Бұл туралы Жетісу облысы Экология департаменті басшысының орынбасары...
Құрбан Айт – мейірім мерекесі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жетісу облысы бойынша бас имамы Керімбек Дәуітов пен «Жетісу облысының дін істері басқармасы» ММ басшысы Сағыныш Жаңабай Журналистер үйінде Құрбан айт мерекесін ұйымдастыру және өткізу турасында баяндады.
Керімбек Сәрсембайұлы: «Биыл қасиетті Құрбан айт мерекесі 5 маусым - Арафа күнінен басталып, 6, 7 және 8 маусым күндері аталып өтеді. Облыс аумағында айт намазы 6 маусым күні таңғы сағат...
Балалар- болашағымыз
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 3-ші бөлімшедегі № 7 кітапхана филиалында бүлдіршіндер мен мектеп оқушылар арасында еркін форматта «Біз – бақытты балдырған» атты open air өткізілді. Іс – шара барысында «Өлең мен би - көңілді күй» тақырыбында 5 сынып оқушысы Рысбек Каусар Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін», Асет Әбдіқадыр Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым», Асет Айнұр Сұлтан Қалиұлының «Ана тілі»,...
ҚМДБ: ЕЛІМІЗ БОЙЫНША АЙТ НАМАЗЫНЫҢ КЕСТЕСІ
6 маусым – Құрбан айт мейрамының алғашқы күні. Осы күні оқылатын Құрбан айт намазының еліміз бойынша әзірленген кестесін назарларыңызға ұсынамыз. Айт құтты болсын, ағайын!
«Келешек мектептеріне» жас педагогтерді іріктеуге арналған цифрлық платформа іске қосылды
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұлттық жоба аясында салынған «Келешек мектептері» жаңа форматтағы мектептерге жас мамандарды жылдам әрі тиімді іріктеуге арналған құралы – career.orleu.edu.kz цифрлық платформасын іске қосты.
Платформада «Өрлеу» орталығының тестілеуінен сәтті өткен педагогикалық ЖОО түлектерінің электрондық портфолиолары қамтылған. 600-ге жуық жас педагог іріктеуден өтті.
Сервисте жас педагогтердің білімі, мамандығы мен тәжірибесіне қатысты мәліметтер жинақталып, электронды...
Жетісуда Балаларды қорғау күніне арналған онкүндік өтті
Жетісу облысында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Балалар игілігі – қоғамның болашағы» атты іс-шаралар онкүндігі өтті. Шараның мақсаты - балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасау, олардың құқығын қорғау, қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру, отбасылық құндылықтарды, рухани және физикалық денсаулықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін дамыту және қолдау.
Тақырыптық мерекелік онкүндік Отбасы және тәрбие күнінен басталып, өңірдің барлық мектептерінде «Әкем –...





























