Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген арнайы сұхбатымен толық танысып шықтым.  Онда өте парасатты пайым мен салиқалы ойлар айтылған. Нақтырақ айтқанда, ел Президенті  осыған дейін атқарылған істерге кеңінен тоқталып, алдағы мақсат-міндеттерді айқындап берген.  Соның ішінде қазіргі бүкіл әлемге кеңінен тараған коронавирус індеті кезінде сақтық шараларын қатаң ұстанып, отандық экономиканың дағдарысқа ұшырауына жол бермеудің бәрінен маңызды екенін  ерекше ескерткен.

 Мемлекет басшысы атап өткендей ел экономикасының  өсімін сақтау үшін біз табиғи отандық өнімдерді сатып алып,  өнім өндірушілерге барынша қолдау көрсетуіміз тиіс. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлы жауап берген әрбір сауал ел азаматарына зор сенім мен тың міндеттер жүктейді. Мәселен, сұхбатта мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп,  оның  қолданыс аясын кеңейтуге төрт бағытта тура жол нұсқап, батыл пәрмен берді. Бұл тапсырмаға сай, біз  қолға алынып жатқан білім саласындағы тың  қадамдарға аса мұқият болып,  жасөспірімдердің алдымен өз ана тілінде білім алуын барынша қамтамасыз етуіміз қажет. Сонымен қатар, Президент елдің дамуы жолында Елбасының сіңірген ерен еңбегін ерекше атап өтіп, халыққа тұрмысында қиыншылығы бар жанұяларға  қолдаудың өнімді шаралардың бірі болғанын жеткізген. Әрине, жер жүзіне қауіпті індет дендеп тұрған бүгінгідей қиын-қыстау кезеңде мемлекет басшысының тапсырмасымен халыққа көрсетіліп жатқан жан-жақты қолдау мен қамқорлыққа күллі жұрт риза. Сондықтан да біз мемлекет басшысының салиқалы саясатын қолдаймыз. Әрі береке-бірліктің арқасында қиындықтарды бірге жеңеміз.

Ғабит Тұрсынбай,

Алматы облыстық

Қазақстан халқы Ассамблеясы

хатшылығының меңгерушісі.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK