Әскери жоғары оқу орындарына түсуге арналған үгіт-насихат
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы Достық ауылындағы Достық шағын орта мектебінің 10-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға әскери жоғары оқу орындарына түсу тәртібі, талаптары мен артықшылықтары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сондай-ақ, шекара қызметінің беделі, әскери мамандықтың абыройы мен Отан қорғау ісінің маңыздылығы айтылды. Іс-шараның мақсаты – жастардың патриоттық рухын...
Жағымсыз әрекеттің алдын алу шарасы өтті
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының «Жетісу» шекара бөлімшесінің жеке құрамымен Достық ауылдық округінің әкімі Е.Еңсебаев, бас маман-заңгер Қ.Тастанбекова, жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы Қ.Жақсыбай және учаскелік полиция инспекторы Ж.Қалиевтің қатысуымен кездесу өткізілді.
Іс-шара барысында әскери ортада және қоғамда жағымсыз әрекеттердің алдын алу, құқықтық мәдениетті арттыру, әдеп пен тәртіп нормаларын сақтау мәселелері талқыланды....
Жас шекарашыларға құрмет көрсетілді
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының «Лепсі» шекара бөлімшесінде Мағжан Жұмабаев атындағы мектептің жас шекарашыларына Үшарал шекара отрядының 60 жылдық мерейтойына қосқан зор үлестері үшін Жетісу облысы бойынша департамент бастығының атынан марапаттау грамоталары табыс етілді.
Іс-шара барысында жас буынның елге, жерге деген сүйіспеншілігі мен шекарашы мамандығына деген қызығушылығы ерекше атап өтілді.
ҚР ҰҚК...
Жетісу университетінде студенттерге арналған танымдық кездесу өтті
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында танымдық-профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.
Кездесуді Жетісу облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен кинологиялық қызмет орталығының мамандары өткізді. Полицейлер студенттерге есірткінің адам өмірі мен болашағына тигізер зияны туралы айтып, есірткі тарату сияқты заңсыз әрекеттердің ауыр қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін түсіндірді.
Кинологтардың көрнекі көрсетілімі студенттердің ерекше...
Аида Балаева отандық кино саласының қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді
Мәдениет және ақпарат министрлігіне бұқаралық ақпарат құралдарынан түрлі бағыттағы сұрақтар жиі түседі. Сол сауалдардың бір бөлігі – кино саласына қатысты. Бұл ретте қазақстандықтардың ұлттық мәдениет пен отандық киноның дамуына бейжай қарамайтыны қуантады.
Кейінгі жылдары көпшілік көрерменнің, соның ішінде шетелдік аудиторияның да қазақ фильмдеріне деген ықыласы артып келеді. Тек 2024 жылдың өзінде ғана отандық фильмдер прокаттан жиырма екі миллиард теңгеден астам...
Қазақстан, Clearbrook және AG-Tech энергия сақтау жүйелерін өндіретін зауыт салады
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Clearbrook Energy Solutions (CES) компаниясы және қазақстандық AG-Tech Қазақстанда энергия сақтау жүйелерін (BESS) өндіретін зауыт салуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Құжатқа қол қою рәсімі Вашингтон қаласында өткен C5+1 бизнес-конференциясының аясында өтті. Жоба Қазақстанның энергетикалық ауысу стратегиясындағы маңызды қадам болмақ. Ол елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып, жаңартылатын энергия көздерін интеграциялауға мүмкіндік...
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Cisco компаниясы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
ҚР ЖИЦДМ, желілік технологиялар мен киберқауіпсіздік саласындағы жаһандық көшбасшы Cisco компаниясы жасанды интеллект, жоғары өнімді есептеулер, цифрлық трансформация салаларындағы стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Қол қою рәсімі C5+1 форматындағы бизнес-конференция барысында өтті. Оған ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен Cisco компаниясының мемлекеттік органдармен стратегия жөніндегі аға вице-президенті Джефф...
Жетісудың Текелі қаласында жылыту мекемесінде жаңа бу-газ қондырғысы орнатылды
Жетісу облысының Текелі қаласында қуаты 24 МВт болатын бу-газ қондырғысы орнатылды. Бұл жұмыстар «Текелі энерго кешені» ЖШС-ның жаңғырту және бу-газ қондырғысын салу жобасының 1-кезеңінің жоспарына сай атқарылды. Ал жобаның үш кезеңі толық іске асырылғанда мұндағы өндірілетін электр қуаты 53,0 МВт және жылу қуаттылығы 48 Гкал/сағ дейін ұлғатуға мүмкіндік туады. Текелідегі осы және басқа да қолға алынған жұмыстармен бүгін облыс...
«Таза Қазақстан»: Жетісу облысының Қарабұлақ ауылында жаңа саябақ салынды
Жетісу облысы Ескелді ауданының орталығы Қарабұлақ ауылында ауданы 5 га астам, ұзындығы 1,2 шақырым болатын «Жеңіс» саябағы салынып бітті. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жүргізілген құрылыс жұмыстарының сапасын облыс әкімі Бейбіт Исабаев көріп қайтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Атап өтсек, «Жеңіс» саябағының құрылыс жұмыстары бұрынғы мердігер компанияның жауапсыздығынан 2021 жылдан бері аяқсыз қалған болатын. Биыл оның...





























