4.1 C
Taldykorgan, KZ
Понедельник, 29 декабря, 2025
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 121

Жаңа оқу жылында Жетісуда 1 сыныпқа 13 мыңға жуық бала қабылданады деп жоспарланып отыр

Жетісу облысы бойынша бүгінгі күнге дейін ата-аналардан балаларын 1-сыныпқа қабылдау туралы 9700-ден астам өтініш түскен. Жалпы алдағы жаңа оқу жылына өңірдегі 315 жалпы білім беретін мектептің бірінші сыныбына 13 мыңға жуық бала қабылдау жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Жалпы 1-сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірден басталды. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, бүгінгі күнге дейін 9717 өтініш...

1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы іске қосылады

Жаңа оқу жылынан бастап еліміздегі барлық білім беру ұйымдарында, соның ішінде жекеменшік мектептерде де тәрбие жұмысы «Адал азамат» атты біртұтас бағдарлама негізінде жүргізіледі. Бұл – бұрын жүзеге асырылған «Біртұтас тәрбие» тұжырымдамасының жалғасы, бірақ мазмұны жаңартылып, Мемлекет басшысының «Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» идеологиялық қағидасымен үндестірілген. Бағдарламаның үйлестірушісі Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА мәліметінше, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы...

Бас жоспардың жобасы мақұлданды

16 шілде күні Мәдениет үйінде  Талдықорған қалалық мәслихатының «Заңдылықты сақтау,қала құрылысы,тұрғын үй шаруашылығы және жол-көлік инфрақұрылымы мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының басқосуы өтті. Күн тәртібіне енгізілген «Қаланы дамыту Бас жоспарының жобасын (негізгі ережелерін қоса алғанда) мақұлдау туралы» мәселені талқылауға Жетісу облыстық және Талдықорған қалалық мәслихаттарының депутаттары,жергілікті атқарушы орган өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің белсенділері, ардагерлер,құқық қорғау органдарының...

Жетісуда Италияның Марке политехникалық университеті филиалының жаңа кампусы ашылды

Бүгін Талдықорғандағы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Италияның Марке политехникалық университеті (Marche Polytechnic University) филиалының кампусы ресми түрде ашылды. Бұл шараға Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Италияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Антонелло Де Риу, сондай-ақ,  италиялық және жергілікті ғалымдар, студенттер қатысты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Марке...

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Италияның Қазақстандағы Елшісімен кездесті

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев облыс әкімдігінде Италия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Антонелло Де Руи мырзамен кездесті, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Бейбіт Исабаев италиялық меймандарды жылы шыраймен қарсы алып, Антонелло Де Руи мырзаны Қазақстандағы елшілік қызметінің басталуымен құттықтады. Сол сияқты шетелдік делегацияға Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары жайлы қысқаша айтып берді. – Жалпы,...

Жетісудің қызметтік иттер дайындығы қарқын алуда

🔹 Жетісу облысы Полиция департаментінің кинология қызметінде бүгінде 23 қызметтік ит бар. Олар құқық бұзушылықтың алдын алуда және ашуда маңызды рөл атқарады. 🔹 Жыл басынан бері қызметтік иттер 900-ге жуық оқиға орнына жұмылдырылып, олардың көмегімен 100 қылмыс ашылды. Оның ішінде 20 факті – есірткі қылмыстарына қатысты анықталған. 🔹 Қазіргі таңда жас иттерді қызметке бейімдеу және арнайы дағдыларға үйрету белсенді жүргізілуде. Тәрбиеленіп...

Тұрлыхан Кәрімге арнап мемориалдық тақта орнатылды

Белгілі сатирик, жазушы, «Талдықорған» газетінің тұңғыш бас редакторы - Тұрлыхан Кәрім  арамызда болғанда 15-ші шілде күні 70 жасқа толар еді. Әзіл, сықақ, мысқыл әжуаның қыр-сырын меңгерген қарымды қаламгердің туған күнінде Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзілдің қолдауымен, Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесінің ұйытқы болуымен  жазушының тұрған үйіне естелік тақта орнатылды. Салтанатты шараға қаламыздың танымал тұлғалары, ардагерлер, әріптестері, шәкірттері, отбасы, үй тұрғындары...

Тазалық пен тәртіп-өмір салты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық бастамаларды қолдай отырып, тазалықтың мәні мен мағынасы туралы ой бөлісіп, адамның адами қасиетін, қоршаған ортаның тазалығын сақтау әр азаматтың мәдениетінің көрсеткіші деп баға берген еді. «-Тазалық әр адамнан, әр үйден, әрбір көше мен қаладан басталуы керек. Өйткені, «Таза Қазақстан», бұл-бір күндік науқан емес. Бұл-біздің өмір салтымыз. Айналамызды жинау, ағаш отырғызу арқылы біз жайлы да таза...

Жетісудың мақтанышы: облыс әкімдігінде «Славян базарының» жеңімпазы Алмагүл Батталиеваға құрмет көрсетті

Беларусияның Витебск қаласында өткен эстрадалық әндердің «Славян базары» XXXIV  халықаралық фестивалінің гран-при иегері атанған Дәнеш Рақышев атындағы Жетісу облыстық филармонияның жеке дауыстағы әншісі Алмагүл Батталиеваны бүгін облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов құттықтап, Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың атынан Құрмет грамотасын және ақшалай сертификат табыс етті, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Бүгін таңертең Жетісу облысының делегациясы «Славян базары»...

Жетісуда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мурал салынды

Жетісу облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арнап мурал салынды. Талдықорған қаласындағы көп қабатты үйлердің бірінің қабырғасына салынған бұл сурет Ассамблеяның ел бірлігін, татулық пен тұрақтылықты сақтаудағы рөлін айшықтап тұр, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Бұл теңдессіз арт-нысан – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына арналған, еліміздегі этностардың татулығын, достығын және мәдени ортасын бейнелейтін ерекше көркем туынды....