Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясын жұқтырып алған қазақстандықтарға тегін түрде берілетін дәрі-дәрмектерді анықтап алды. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова мәлімдеді деп хабарлайды  Coronavirus2020.kz сілтеме жасап taldykorgan-online.kz.

Коронавирус инфекциясының емі мен диагностикасы үшін дәрі-дәрмектің бес түрі енгізілді. Бұл препараттар амбулаторлық науқастарға арналған. Олардың қатарында «Парацетамол», «Ибупрофен», «Дабигатран», «Апиксабан» мен «Ривароксабан» бар. Бюрабекованың мәлімдеуінше, аталмыш дәрі-дәрмектер COVID-19 инфекциясының өту қарқынын жеңілдетіп, оның ушығып кетпеуіне көмектеседі. Қазіргі таңда денсаулық сақтау министрлігі «СК-Фармация» компаниясымен біріге отырып, дәрілерді сатып алып жатыр. Қос мекеме алдағы уақытта тез арада препараттарды өңірлеріне жібермек. Вице-министрдің айтуынша, облыстарға аталмыш дәрі-дәрмектер он күннен кейін жеткізіледі.

 Коронавирус жұқтырып алған қазақстандықтар дәрілерді емдеуші дәрігердің ұсынатын дәріқағазы бойынша емханадан ала алады. Егер медицина қызметкерлері түрлі себептермен аталмыш препараттарды беруден бас тартып жатса, қазақстандықтар бірыңғай дистрибьютордың жедел желісіне хабарласып, шағым түсіре алады.

 

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK