Салмағы 870 грамм сәби Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасынан шығарылды
Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында ерекше жағдай орын алды: дәрігерлер салмағы небәрі 870 грамм болатын шала туылған нәрестенің өмірін аман алып қалды. Бұл жағдай неонатологиялық көмек пен жоғары деңгейлі медициналық техниканың маңыздылығын көрсетті.
Шала туылған қыз жүктіліктің 28-ші аптасында өте төмен салмақпен дүниеге келді. Клиникаға түскен кезде сәбидің салмағы 1030 грамм болды. Нәресте тез арада реанимациялық көмек көрсетуді қажет ететін жоғары...
Балқаш көліне бағыт алған жолда «ecoBalqash» экологиялық акциясы өтті
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Балқаш көліне апаратын жол бойында «ecoBalqash» атты экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – демалушылар мен жолға шыққан азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыру, табиғатқа деген жауапкершілікті қалыптастыру және қоршаған ортаны таза ұстауға үндеу.
Экошара барысында екі бақылау нүктесі – start point және finish point орнатылды. Старт нүктесінде жолға шыққан демалушылар мен жолаушыларға арнайы қолғаптар мен...
Монополияға қарсы заңнаманың бұзушылықтары жойылды
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті Жаркент жоғары педагогикалық, Қапал кәсіптік - техникалық, Жетісу құрылыс-техникалық колледждеріне бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар шығарды.
Департамент мемлекеттік кәсіпорындарға мониторинг жүргізу барысында аталған колледждердің жарғыларында ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1095 қаулысына сәйкес келмейтін және монополияға қарсы органмен келісілмеген қызмет түрлері болғандығы анықталды. Атап айтқанда, бұл қосымша білім беру бағдарламалары...
Жетісу облысында 7 қаржы пирамидасының заңсыз әрекеті әшкереленді
Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қаржы пирамидаларының алдын алу және олармен күресу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Бұл туралы Департамент басшысының орынбасары Мирас Құрбанов Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың мүлкін қорғау – басты міндеттердің бірі. Осыған орай, ҚР Қаржы мониторингі агенттігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша заңсыз қаржы пирамидаларына...
Жетісуда биыл су үнемдеу технологиясын қолданатын алқапты 55,2 мың гектарға жеткізу көзделіп отыр
Биыл Жетісу облысында ауыл шаруашылығы дақылдары 510,7 мың гектарға себілді, оның 200,2 мың гектары суармалы егістікте өсіріледі. Егісітік 6 су қоймасы және 12 өзен су арқылы суарылады. Қазіргі кезде қоймалардың орташа толуы 45%, олар суару режимінде жұмыс істеп тұр, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Ауа-райының орташа температурасының қалыптан жоғары болуына байланысты, өзендердегі су өтілімі өткен жылдың...
Жаңа оқу жылында Жетісуда 1 сыныпқа 13 мыңға жуық бала қабылданады деп жоспарланып отыр
Жетісу облысы бойынша бүгінгі күнге дейін ата-аналардан балаларын 1-сыныпқа қабылдау туралы 9700-ден астам өтініш түскен. Жалпы алдағы жаңа оқу жылына өңірдегі 315 жалпы білім беретін мектептің бірінші сыныбына 13 мыңға жуық бала қабылдау жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жалпы 1-сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірден басталды. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, бүгінгі күнге дейін 9717 өтініш...
1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы іске қосылады
Жаңа оқу жылынан бастап еліміздегі барлық білім беру ұйымдарында, соның ішінде жекеменшік мектептерде де тәрбие жұмысы «Адал азамат» атты біртұтас бағдарлама негізінде жүргізіледі. Бұл – бұрын жүзеге асырылған «Біртұтас тәрбие» тұжырымдамасының жалғасы, бірақ мазмұны жаңартылып, Мемлекет басшысының «Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» идеологиялық қағидасымен үндестірілген.
Бағдарламаның үйлестірушісі Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА мәліметінше, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы...
Бас жоспардың жобасы мақұлданды
16 шілде күні Мәдениет үйінде Талдықорған қалалық мәслихатының «Заңдылықты сақтау,қала құрылысы,тұрғын үй шаруашылығы және жол-көлік инфрақұрылымы мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының басқосуы өтті.
Күн тәртібіне енгізілген «Қаланы дамыту Бас жоспарының жобасын (негізгі ережелерін қоса алғанда) мақұлдау туралы» мәселені талқылауға Жетісу облыстық және Талдықорған қалалық мәслихаттарының депутаттары,жергілікті атқарушы орган өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің белсенділері, ардагерлер,құқық қорғау органдарының...
Жетісуда Италияның Марке политехникалық университеті филиалының жаңа кампусы ашылды
Бүгін Талдықорғандағы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Италияның Марке политехникалық университеті (Marche Polytechnic University) филиалының кампусы ресми түрде ашылды. Бұл шараға Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Италияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Антонелло Де Риу, сондай-ақ, италиялық және жергілікті ғалымдар, студенттер қатысты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Марке...
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Италияның Қазақстандағы Елшісімен кездесті
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев облыс әкімдігінде Италия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Антонелло Де Руи мырзамен кездесті, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Бейбіт Исабаев италиялық меймандарды жылы шыраймен қарсы алып, Антонелло Де Руи мырзаны Қазақстандағы елшілік қызметінің басталуымен құттықтады. Сол сияқты шетелдік делегацияға Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары жайлы қысқаша айтып берді.
– Жалпы,...





























