21.2 C
Taldykorgan, KZ
Четверг, 23 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 118

Бейбіт Исабаев облыс орталығын дамытудың негізгі үш бағытының іске асырылу барысына тоқталды

Талдықорған қаласы тұрғындарымен өткен кездесуде облыс әкімі Бейбіт Исабаев қаланы дамытудың негізгі үш бағытының іске асырылу барысына тоқталды. Ол өз сөзінде биыл  қала бюджеті 1,9 есеге ұлғайтылғанын айтты. Ал келесі жылы бюджет тағы 40 пайызға өспек, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. - Өткен жылғы кездесуде мен қаланы дамытудың үш негізгі бағытын атап өткен болатынмын, яғни бұл...

«Таза Қазақстан»: Талдықорғанда 39 аула абаттандырылып, 20 балалар алаңы орнатылды

Биыл Талдықорған қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында бірыңғай сәулеттік келбетті қалыптастыру және абаттандыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілді. Соңғы екі жылда ұзақ жылдан бері абаттандыру көрмеген «Ұлан», «Жұлдыз» және «Жетісу» шағын аудандарындағы 39 аула абаттандырылып, 20 көп қабатты тұрғын үйдің қасбеттері жөнделді. Бұл туралы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың Талдықорған қаласының тұрғындарымен кездесуі барысында айтылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы...

22 желтоқсанда қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталады

Қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 22 желтоқсанда басталып, 30 желтоқсанға дейін жалғасады. ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO  қосымшасы арқылы жүргізіледі. Тестілеудің өзі 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді. Естеріңізге сала кетсек, қаңтардағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданған, жазғы ҰБТ нәтижелері бойынша шекті балл жинамағандар, шығармашылық білім...

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан жақын көршілерімен жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытып келеді»

Мемлекет басшысы Қазақстанның беделді әрі сенімді серіктес ретінде кеңінен мойындалғанын айтты. – Қазақстан жақын көршілері – Ресеймен, Қытаймен және Орталық Азия елдерімен жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытып келеді. Біз бұл тату көршілікті Қазақстанның тұтас Еуразиядағы сенім мен өзара байланысты нығайтуға мүмкіндік беретін стратегиялық артықшылығы деп білеміз. Сондай-ақ Америка Құрама Штаттарымен және Еуропа Одағымен ұзақ мерзімді ықпалдастықты кеңейтіп, Таяу Шығыспен, Азия және...

Соңғы екі жылда су саласындағы негізгі капиталға 579 млрд теңге инвестиция тартылды: Үкімет жылдық қорытынды туралы

Соңғы екі жыл ішінде су шаруашылығы саласының негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 579 млрд теңгені құрады. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкімет жұмысының жылдық қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Спикер атап өткендей, қазіргі таңда Су ресурстары және ирригация министрлігі шетелдік серіктестермен 7 келісімге және 30-дан астам өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. «Қол қойылған меморандумдардың...

Қазақстанда ирригациялық арналарды механикалық тәсілмен тазарту қарқыны жылына 1,5 мың шақырымға дейін артты: Үкіметтің бір жылдағы жұмыс қорытындылары туралы

Соңғы екі жылда Үкімет суару каналдарын механикалық тәсілмен тазарту жұмыстарын жандандырды. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкімет жұмысының жылдық қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Министр 2024 жылға дейін бұл жұмыстар төмен қарқынмен жүргізілсе (2023 жылы – 678 шақырым), ал соңғы екі жылда тазалау көлемі айтарлықтай өсіп, жылына орта есеппен 1,5 мың шақырымды құрағанын (2024 жылы –...

Президент тапсырмаларын орындау: Үкімет 2025 жылға арналған су саласын дамыту жұмыстарын қорытындылады

Үкіметтің 2025 жылға арналған жұмысын қорытындылау аясында су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің саланы дамыту бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуі өтуде. 2025 жылғы Үкімет жұмысын қорытындылау аясында су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Astana Hub алаңында саланы дамытуға арналған бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесуі өтуде. Министр 2025 жылы Қазақстанда су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту бойынша 145 жоба жүзеге асырылып...

Шығарындылар 7,2%-ға төмендеді, қоқыс алаңдарының 91%-ы жойылды: Ерлан Нысанбаев елдегі экологиялық жағдай туралы

Үкіметтің қорытынды баспасөз конференциялары аясында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев ведомствоның экологиялық жағдайды жақсарту, қалдықтарды басқару және биоәртүрлілікті сақтау жөніндегі жұмысының нәтижелері туралы баяндады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ірі кәсіпорындардың нормативтік шығарындыларының көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 148 мың тоннаға немесе 7,2%-ға төмендеді. Бұл ең үздік қолжетімді технологияларды енгізу арқылы қамтамасыз етілуде Жағдайды бақылау үшін автоматтандырылған мониторинг жүйелері енгізілуде.Бүгінде кәсіпорындарда...

Қасым-Жомарт Тоқаев Hitachi Construction Machinery компаниясының президенті Масафуми Сэнзакиді қабылдады

Кездесу барысында қазақстандық тау-кен кәсіпорындарының жапондық компаниямен ынтымақтастығын кеңейту перспективасы қаралды. 🟦Мемлекет басшысы Hitachi Construction Machinery компаниясының өңірдегі басты серіктесі саналатын Қазақстан өзара тиімді байланыстарды тереңдетуге дайын екенін атап өтті. 🟦Президенттің пікірінше, алдағы уақытта кен орындарының қажеттілігі үшін өндіріс локализациясы мен құрал-жабдықтарды жөндеу ісіне басымдық беру маңызды. 🟦Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру, «жасыл» технологияларды енгізу және дербес көлік жүйесі бірлескен жұмыстың перспективті бағыттары бола...

Қасым-Жомарт Тоқаев Komatsu компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Хироюки Огаваны қабылдады

Кездесуде Мемлекет басшысы Komatsu компаниясы еліміздің тау-кен инфрақұрылымын дамытуға елеулі үлес қосып келе жатқан сенімді әрі уақыт тезінен өткен серіктесі саналатынын атап өтті. ✔Президент компанияның Астана қаласында техникаларды күрделі жөндеуге және қайта қалпына келтіруге арналған өндірістік кешен салу туралы шешімін құптады. ✔Хироюки Огава стратегиялық тұрғыдан маңызды нарық саналатын Орталық Азияның әлеуеті жоғары, мүмкіндігі мол екеніне тоқталды. Ол жаңа кешеннің аймақтағы тау-кен...