Қазақстандық оқушылар қысқы демалыста 10 күн демалады
Екінші тоқсанның аяқталуына санаулы күндер қалды. Қысқы каникул кезеңі 2025 жылдың 29-желтоқсаны мен 2026 жылдың 7-қаңтарын қоса алғанда он күнге созылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Мектеп оқушыларының қысқы демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту маңызды. Осы мақсатта «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында бірқатар іс-шаралар көзделген.
Балаларға бос уақытында:* кітап оқу;* музейлерге, көрме залдарына,...
Жас шекарашы Жетісу облысының ашық чемпионатында жеңіске жетті
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының «Жас шекарашы» үйірмесінің мүшесі Калиахмет Бегарыс Берікұлы Жетісу облысының ашық чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті.
Атап айтқанда, ол 2013, 2014, 2015 және 2016 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен жарыста І орынды иеленіп, Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама алды. Бұл жетістік жас спортшының табандылығы мен жоғары даярлығының, сондай-ақ «Жас...
Қорғаста Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған тақырыптық кеш өтті
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасында Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына арналған тақырыптық кеш ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында даңқты батырдың өмір жолы, жауынгерлік ерлігі мен әскери мұрасы кеңінен баяндалып, оның Отанға адалдық, тәртіп пен ерік-жігер жөніндегі өнегелі өсиеттері жеке құрамға үлгі ретінде ұсынылды. Тақырыптық кеш әскери қызметшілердің патриоттық рухын нығайтып,...
Үшарал қалалық балалар шығармашылығы орталығының өнерпаздары жас сарбаздарға концерттік бағдарлама ұсынды
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының Техникалық және кәсіптік даярлау бөлімінде «Күз-2025» жас шақырылымының сарбаздарына арналған мәдени-рухани іс-шара өтті.
Іс-шара аясында Үшарал қалалық балалар шығармашылығы орталығының өнерпаздар ұжымы концерттік бағдарлама қойып, әсем әндер мен әсерлі қойылымдарын тарту етті. Концерт жас сарбаздардың рухын көтеріп, олардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруға, патриоттық және эстетикалық тәрбие...
«Қарақұм» шекара бөлімшесінде үстел теннисінен жарыс өтті
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының «Қарақұм» шекара бөлімшесінде жеке құрам арасында үстел теннисінен жарыс ұйымдастырылды.
Жарыс әскери қызметшілердің дене дайындығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және ұжымдық рухты нығайту мақсатында өтті. Қатысушылар жоғары белсенділік танытып, өзара шеберліктерін сынады.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
Алакөлде жас сарбаздармен патриоттық тақырыпта тағылымды кездесу өтті
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының Техникалық және кәсіптік даярлау бөлімінде «Күз–2025» жас шақырылымының сарбаздарымен патриоттық тақырыпта мазмұнды кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге Қазақстанның құрметті жазушысы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының лауреаты, «Қазақ журналистикасының қайраткері», «Қазақ телевизиясының ардагері», Желтоқсан оқиғасына қатысушы, ақын әрі қоғам қайраткері Жұмаш Кенебай - Көкбөрі, отставкадағы полковник,...
Мәртебелі меймандарға музейде экскурсия жүргізілді
Президенттер Александр және XVIII ғасырдағы Франция өнері залдарында орналасқан танымал көрмелерді тамашалады.
✔️Әсіресе, «Алтын көмбе» бірегей коллекциясындағы бағалы металдардан құйылған археологиялық жәдігерлер, тарихи Пикет және Герб залдарының интерьері ерекше қызығушылық тудырды.
✔️Меймандар бай қоры арқылы дүние жүзіне мәшһүр музейдің басқа да экспозицияларымен танысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдер басшыларының кездесуіне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Ресей Президенті Владимир Путин, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.
🟦ТМД басшылары өзара ынтымақтастықтың негізгі даму бағдары мен қадамдарын талқылады.
🟦Сондай-ақ Ұйым аясындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президентімен кездесті
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ:
– Жаңа жыл қарсаңында дәстүрге айналған Петербургтегі кездесуіміз мазмұнды өтті. Біз ЕАЭО қызметіне қатысты бірқатар мәселені қарастырып, шешімдер қабылдадық. ТМД форматы аясындағы ықпалдастықтың аса маңызды, өзекті мәселелері талқыланды. ТМД – беделді әрі заман талабына сай халықаралық ұйым. Биыл өзара ынтымақтастығымыз табысты болғаны сөзсіз. Екіжақты қарым-қатынас қарқынды дамып келеді. 12 қарашада Ресейге жасаған мемлекеттік сапарым өте нәтижелі өтті. Сол...
Жетісу облысында шағын және орта бизнес субъектілері өндірген өнім көлемі 15,2%-ға артты
Жетісу облысында шағын және орта бизнес субъектілері өндірген өнім көлемі екінші тоқсанның қорытынысы бойынша 566,3 млрд. теңгені құрап, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,2%-ға артты. Жалпы, биылғы жылдың 1 желтоқсанындағы мәліметке сәйкес өңірде 63 мың шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді, яғни 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4%-ға ұлғайған, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі....





























