Үшарал қалалық балалар шығармашылығы орталығының өнерпаздары жас сарбаздарға концерттік бағдарлама ұсынды

4

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының Техникалық және кәсіптік даярлау бөлімінде «Күз-2025» жас шақырылымының сарбаздарына арналған мәдени-рухани іс-шара өтті.
Іс-шара аясында Үшарал қалалық балалар шығармашылығы орталығының өнерпаздар ұжымы концерттік бағдарлама қойып, әсем әндер мен әсерлі қойылымдарын тарту етті. Концерт жас сарбаздардың рухын көтеріп, олардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруға, патриоттық және эстетикалық тәрбие беруге бағытталды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз