Алакөлде жас сарбаздармен патриоттық тақырыпта тағылымды кездесу өтті

4

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының Техникалық және кәсіптік даярлау бөлімінде «Күз–2025» жас шақырылымының сарбаздарымен патриоттық тақырыпта мазмұнды кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге Қазақстанның құрметті жазушысы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының лауреаты, «Қазақ журналистикасының қайраткері», «Қазақ телевизиясының ардагері», Желтоқсан оқиғасына қатысушы, ақын әрі қоғам қайраткері Жұмаш Кенебай — Көкбөрі, отставкадағы полковник, журналист, ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз органы «Қазақстан сарбазы» — «Воин Казахстана» (қазіргі «Сарбаз» газеті) басылымының жауапты хатшысы, «Қазақ әдебиеті» газетінің әдебиет және өнер бөлімінің қызметкері Жүніс Омар, сондай-ақ жазушы-драматург, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының иегері, Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақстан театр қайраткерлері одағының мүшесі Жақсылық Мұратбек қатысты.
Шара барысында қонақтар сарбаздармен Отанға адал қызмет ету, патриотизм, ұлттық рух, ел қорғаудың қасиетті борышы туралы ой бөлісіп, жастарды рухани беріктікке, жауапкершілікке және елжандылыққа тәрбиелеудің маңызын атап өтті. Мұндай кездесулер жас сарбаздардың азаматтық көзқарасын қалыптастырып, патриоттық рухын нығайтуға зор үлес қосады.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз