15.8 C
Taldykorgan, KZ
Четверг, 23 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 108

2026 жылы Қазақстанда зейнетақылар мен жәрдемақылар қаншалықты өседі

«2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрін, базалық және ынтымақты зейнетақыларды ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 10%-ға арттыру көзделген. Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төменгі базалық зейнетақыны ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ына дейін, ал ең жоғарғысын 120%-ға дейін жыл сайын...

Қазақстан цифрландыру бойынша халықаралық рейтингтердегі позициясын нығайтты

Қазақстан жасанды интеллектіні ауқымды енгізу және цифрлық экономиканың негізгі көрсеткіштерінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету арқылы жетекші цифрлық держава мәртебесін нығайтуда. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев ведомствоның бір жылдағы қызметінің қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Ол жыл қорытындысы бойынша еліміз халықаралық рейтингтердегі позициясын нығайтқанын, ЖИ дамуының институционалдық негізін қалыптастырғанын, alem.cloud ұлттық суперкомпьютерлік кластерін іске қосқанын...

Президент тапсырмаларын орындау: Үкімет 2025 жылғы цифрлық саланың дамуын қорытындылайды

Үкімет қызметінің 2025 жылдағы қорытындысын шығару шеңберінде Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің саланы дамытуға қатысты баспасөз мәслихатын өткізді. Ол республикада 2029 жылға дейін ЖИ дамыту тұжырымдамасы бекітілгенін атап өтті, онда мемлекеттің басымдықтарын белгіленген. Олар – қолданбалы ЖИ-ді пайдалану, кадрларды дамыту, деректерді қорғау және тәуекелдерді басқару. Сонымен қатар, ЖИ-дің экономикаға, жұмыспен қамтуға және мемлекеттік функцияларға...

Бейбіт Исабаев бірқатар жұмысшы мамандарға мемлекеттік марапат тапсырды

Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев бірқатар жұмысшы мамандарға мемлекеттік марапат тапсырды. Олардың арасында өнеркәсіп секторының, энергетика және коммуналдық сала мамандары бар, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Өңір басшысы өз сөзінде биыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» болғанын тілге тиек ете келе, осыған байланысты өңірде қолға алынған игі шараларға қысқаша тоқталып, ең бастысы қоғамда еңбек адамына деген құрмет,...

Жыл қорытындысы: әскерге шақыру мен әскери қызметтегі цифрлық шешімдер

2025 жылы Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының тапсырмасы бойынша Қорғаныс министрлігі әскерге шақыру және азаматтардың мерзімді әскери қызметі жүйесінде цифрлық шешімдерді енгізуді жалғастырды. Жаңа технологиялар медициналық тексеруден өту, азаматтарды ақпараттандыру, шақыру тізімдерін қалыптастыру және қызметті ұйымдастыру сияқты бағыттарды қамтиды. Шақыру науқанын цифрландыру аясында «e-Медосмотр» ақпараттық жүйесі енгізілді. Жүйе Астана, Шымкент қалаларында және Қарағанды облысының Абай қаласында пилоттық...

Жетісу облысында «ECOFINAL 2025: 100 тазалық қадамы» — экологиялық бастамалардың қорытындысы өткізілді

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жыл бойы жүзеге асырылған экологиялық бастамалардың қорытындысын шығаруға арналған «ECOFINAL 2025: 100 тазалық қадамы» атты қорытынды іс-шара өтті. Қоршаған ортаны қорғау, тазалық мәдениетін қалыптастыру және қоғамның экологиялық жауапкершілігін арттыру – тұрақты дамудың маңызды бағыттарының бірі. Осы мақсатта ұйымдастырылған іс-шара «Таза Қазақстан» акциясы аясында бір жыл бойы атқарылған жұмыстарды саралап, экологиялық бастамалардың нәтижесін...

Қазақстанда туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 38,1%-ға өсті

Ел Үкіметі Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде туризм және спорт салалары бойынша 2025 жылды қорытындылады. Сонымен қатар спорт саласының үздік өкілдерін марапаттауға арналған «Үздік – 2025» сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов биыл Қазақстанда туристік ағынның өсуі байқалғанын мәлімдеді. 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша елімізге туристік мақсатта 12,1 млн шетел азаматы келген. Олардың 8,6...

Қазақстан халықаралық спорт ұйымдарымен өзара іс-қимылды күшейтуде

2025 жылы елімізде 135 спорт нысаны пайдалануға берілді, олардың басым бөлігі ауылды аймақтарды орналасқан. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 2025 жылдың қорытындылау барысында хабарлады. Ол ірі жобалардың жүзеге асырылғанын атап өтті. Оның ішінде Түркістандағы ескек есу арнасы және Қызылордадағы «Қайсар Арена» стадионы бар. Астанадағы Ұлттық спорт университетінің құрылысы жалғасып жатыр. Паралимпиадалық және сурдлимпиадалық қозғалыс жүйелі түрде дамып келеді....

Елімізде курорттық аймақтарды дамыту жөніндегі Жол картасы әзірленді

2025 жылы еліміздегі 8 негізгі курорттық аймаққа инвентаризация жүргізілді. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 2025 жылды қорытындылау барысында мәлімдеді. Ол аталған жұмыстардың нәтижесінде 2025-2028 жылдарға арналған курорттық аймақтарды дамыту жөніндегі Жол картасының жобасы әзірленгенін атап өтті. Сондай-ақ биыл курорттық инфрақұрылымды жүйелі жаңғыртуды, қауіпсіздік деңгейін арттыруды, логистиканы және туристік сервистерді дамытуды көздейтін Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамытудың кешенді жоспары, сондай-ақ...

Елімізде қонақ үйлерді классификациялау жүйесі жаңартылады

2025 жылы ҚР Туризм және спорт министрлігі қонақ үй қызметтерінің сапасын арттыруға бағытталған қонақ үйлерді классификациялау жүйесін жаңарту жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 2025 жылды қорытындылау барысында мәлімдеді. Министрдің айтуынша, бұрын қолданыста болған талаптар өзектілігін жоғалтып, қазіргі заманғы стандарттарға сәйкес келмейді. Осыған байланысты жаңа ережелер жобасы қазіргі уақытта ҚР Парламенті Мәжілісінде қаралуда. «Жаңартылған жүйе қонақ үй...