Спортшылар күніне орай  Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев онлайн режимінде жиын өткізді, — деп хабарлайды Тaldykorgan-online.kz

Аталмыш жиынға спорт мекемелерінің директорлары тікелей эфир арқылы қатысты. Нұрбақыт Молдахметұлы барша спорт қызметкерлері мен спортшыларды және бапкерлерді айтулы мерекелерімен құттықтап, алдағы күндеріне табыс тіледі.

Сондай-ақ, бірқатар қызметкерге спорт министрлігінің төсбелгісі мен облыс әкімінің құрмет грамотасы және алғыс хаттарын табыстады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK