Жетісу облысында «JETISU CUP — 2024» жеңімпаздары анықталды

4

Республика күніне орай ұйымдастырылған, футзалдан өнер және медиа командалары арасындағы «JETISU CUP — 2024» республикалық турнирі мәресіне жетті. Екі күнге созылған жарыста қатысушылар өз шеберліктерін көрсетіп, керемет ойын өрнегін паш етті. Көрермендерге толы зал нағыз спорттық тартыстардың куәсі болды.

Турнирге Қазақстанның әр өңірінен іріктелген 7 үздік команда қатысып, өзара бақ сынасты.

1-орынды Астана қаласының «Aibar» командасы

2 — орын Алматы қаласынан келген «Levsha» командасы

3 — орынға «Jaidarman» Астана қаласы және «Jebe» Талдықорған қаласы

Турнир барысында үздік ойыншылар арнайы номинациялармен марапатталды:

Үздік қақпашы – Әзім Әзімов

Үздік қорғаушы – Беріков Данабек

Үздік ойыншы – Тима Левша

Үздік бомбардир – Еркебұлан Мұсабек

Бұл турнир тек спорттық сайыс қана емес, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Сонымен қатар, ол әр өңірден келген командалар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға үлкен септігін тигізді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз