Амангелді Хамза «Талдықорған тұлпары — 2024» ат жарысында топ жарды

58

Талдықорғанда ұлттық ат спорт түрлерінен қалалық жарыс өтті. Ұлттық спортты жаны сүйетін жандар үшін ерекше әсер қалдырды. Жарысқа Талдықорған қаласынан бөлек, іргелес ауданның шабандоздары да қатысып, өзара жүйріктерді анықтады.

Аталмыш жарыстың шымылдығын қала әкімі Ернат Бәзіл ашып, жиналған көпшілікке ақжарма тілегін білдіріп, шабандоздарға жарыста сәттілік тіледі.

«Бүгінгі жарысқа жақсы дайындықпен келдім. Әрине бастапқы айналымдарда аз күш жұмсап, соңғы айналымдарда барымды салып жүделі бірінші орынды иелендім. Осындай ат жарыстары бұдан да көбірек ұйымдастырылса»,- дейді Жетісудың даңқты шабандозы Амангелді Хамза.

Жарыс екі кезеңнен тұрды. «Құнан» бәйге 12 шақырым, «Аламан» бәйге 28 шақырмды құрады. Екі айналымда да Жетісудың даңқты шабандозы Амангелді Хамза топ жарып бірінші болып келді.

Жарыс жеңімпаздары ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Айта кетейік, ұлттық спортты дамытуға бағытталаған ат жарысына 100-ге жуық шабандоз қатысты.

Талдықорған қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз