Әскери қызметшілер арасында қоян-қолтық ұрысынан жарыс өтті

48

Талдықорған қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Республика күні қарсаңында Талдықорған гарнизоны әскери бөлімдері арасында қоян-қолтық ұрыстан рейтингтік Спартакиада жарысы өтті.

Аталмыш сайысқа 99285, 18404, 48386, 21751, 54380 әскери бөлімдерінің командалары қатысып, өзара күш  сынасты. Спорттық шараға арнайы келген Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл «Біз қаламыздағы барлық спорт түрлерін дамытуға көңіл бөліп келеміз. Бүгінгі жарыстың мақсаты – салауатты өмір салтын сақтау және әскери бөлімдердің дене дайындығы мен жауынгерлік әзірлігін шыңдау және әскери қызметшілердің рухын көтеру. Қоян-қолтық ұрыс еліміздегі барлық күштік құрылымдарда маңызға ие, біздің қаламызда да қолдау тауып отыр. Бұл өз кезегінде әскери қызметшілерді шынықтырып, оларды мықты әрі төзімді ететін спорт түрі»- деп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт денсаулығын нығайту мен халық арасында бұқаралық спортты дамыту мәселелеріне баса назар аударатынын  атап өтті. Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте І-орынды 18404 әскери бөлімі, ІІ-орынды  48386 әскери бөлімі, ал үшінші орынды 21751 әскери бөлімі иеленді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз