Мамандар электр қуатын тұтыну көлемі жыл сайын 3 пайызға артып жатқанын дәйектеуде. Ал өзімізге мәлім электр қуатын өндіруде көмірдің рөлі басымырақ. Бүгінде электр қуатының 70 пайызы көмірден өндіріледі. Демек, ауаға тарайтын көмірқышқыл газының да үлесі артуда. Улы заттардың қосындысы қоршаған ортаға да кері әсерін тигізуде. Сондықтан, дамыған елдер жасыл энергия саналатын атом станциясының жұмысын жандандыруда. Атом энергетикасы қоршаған ортаға қолайлы, ел экономикасына тигізетін септігі мол сала. Соның негізінде Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында жалпыхалықтық референдум арқылы маңызды таңдау жасау қажет.
Ғалиасқар Сарыбаев, АЭС салуды қолдау жөніндегі Республикалық халықтық штаб мүшесі