Мұрат Омаров,құрылысшы: Елімізде маңызды науқан-6 қазанда өтетін референдумға санаулы күндер қалды. Күнделікті ақпарат көздерінен АЭС салудың қаншалықты пайдасы зор екенін естіп-біліп отырмыз. Сарапшылардың айтқанына құлақ түретін болсақ, АЭС МАГАТЭ-ның қатаң стандарттары бойынша салынып,бақылауында болады екен. АҚШ,Қытай,Франция елдерінде олардың көптеп салынғанын,тіптен,көршілес Өзбекстанда да құрылысы басталғанын естідік.Өз басым,балаларым мен немерелерімнің,болашақ ұрпағымның өмірі жарқын болсын деген ниетпен,дауыс беруге қатысамын. Туған-туыстарымның арасында да АЭС туралы күнделікті айтып,естіп-білгендерімізбен ой бөлісіп жүрміз. Басында біраз түсінбеушілік болғанымен,қазір айналамдағы адамдардың 95 пайызының көзқарасы өзгерді. АЭС –экологияға да оң әсерін беретіні қуантарлық жағдай. Болашағымызды бейбіт атоммен толық байланыстырып,сол күнге тезірек жетсек деген ойдамын.