Сүйікті қалам — Талдықорған!

68
Screenshot

«Қала күні – ол тек мерекелеуге себеп қана емес, есеп беріп, қорытынды жасаудың бір мүмкіндігі». Талдықорғандықтар Жетісудың жүрегі саналар қаламыздың мерекесін сән-салтанатпен атап өтті. Қала әкімі Ернат Бәзіл талдықорғандықтарды Қала күнімен және әсем қаламыздың қала мәртебесін алғанына 80 жыл толуымен құттықтады. «Бұл уақыт тарих үшін санаулы болғанымен, қала дамуы үшін маңызды кезең. Осы уақыт аралығында сүйікті шаһарымыз жылылыққа толы, сенімді түрде нық қадаммен дамып келеді. Жыл сайын дәстүрлі түрде тойланатын бұл мейрам әр азаматтың, әр отбасының сүйікті қаласына деген құрметін, ыстық ықыласын қалыптастыруда. Құрметті жерлестер! Жыл сайын бой көтеріп жатқан жаңа ғимараттар қаламыздың көркін күннен-күнге ажарландыра түсуде. Қолданысқа беріліп жатқан ғимараттар мен демалыс орындары жергілікті тұрғындарға, қала қонақтарына жағымды көңіл күй сыйлауда. Сондай-ақ, қаланың дамуымен қатар халықтың тұрмыс жағдайы да жақсарды. Көптеген кәсіпорындар іске қосылып, жұмыссыздық деңгейі төмендеді. Яғни, мұның барлығы тек халық игілігі үшін жасалып жатқан игі бастамалар деп білемін. Құрметті қала тұрғындары! Осы бір тамаша мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін. Еліміздегі баянды бірлігіміз, ынтымаққа ұйыған тірлігіміз табысты болсын! Талдықорғанымыз өркендеп, айбыны асқақтай берсін!»-деді.

Мерекеге орай жыл сайынғы дәстүрге сай қаламыздың дамуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосқан азаматтардың еңбегін бағалап, құрмет көрсету мақсатында, ең жоғарғы марапат «Талдықорған қаласының Құрметті азаматы» атағы және биылғы жылы алғаш рет “Талдықорған қаласына сіңірген еңбегі үшін” медалі табысталды. Жалпы қала күні қарсаңында өңірімізде 100-ден астам мерекелік шара ұйымдастырылды. Бұл күндері қала тұрғындары мен қонақтары үшін арнайы мерекелік концерттер, жәрмеңке, көрме, фестиваль, спорттық іс-шаралар өтті. Сондай-ақ, мерекелік бағдарламада «Қалаға сыйлық» атты 80 жұптың вальсі, жергілікті өнерпаздармен қатар жеті өзені тасып, мерейі асып жатқан, жер жаннаты Жетісу төріндегі салтанатты шараға арнайы келген Kalifarniyа, SAY MO әсем әннен шашу шашты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз