Еңбегінен ел таныр

110

Қыркүйектің соңғы жексенбісінде елімізде  Еңбек күні атап өтіледі. Бұл күн Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен еңбек өнімділігін ынталандыру, қарапайым жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеру және оған жастардың назарын аудару, ерте жастан еңбектің маңыздылығын түсіндіру мақсатында бекітілді. Осы орайда еңбек құндылықтарын ілгерілету, жұмыскерлерді қолдау бағытында мерекелік жиын өтті.

 

Шараға салалық мемлекеттік органдардың басшылары, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өркендеуіне атсалысқан аға буын өкілдері мен ардагерлері қатысты. Облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев еңбектен бақытын тапқан жандарға облыс басшысының ризашылығын жеткізді. Халқымызда «еңбек ырыстың қазығы», «еңбектің көзін тапқан  байлықтың өзін табады»  деген сөз бар. Еңбек адамы қашанда құрметке лайық. Ең асыл қасиеті кәсібін сүйіп, ісіне адалдық таныту деп білеміз. Бүгінгі таңда Жетісу өңірінде еңбекке қабілетті азаматтар, жұмыс күші  әр салада жемісті еңбек етуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Адал азамат, адал еңбек, адал табыс қағидатына сай келетін адал әрі табанды еңбек еткен азамат қашанда құрметті, сыйлы болуы керек»-деп атап өткен болатын. Сонымен қатар экономиканың өсімін қамтамасыз етіп және инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін кәсіптік білім беру саласына реформа қажеттілігін айрықша атай отырып, келесі жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Осы еңбек күні мерекесі қарсаңында Мемлекет басшысының өз кәсібін жетік меңгерген Еңбек адамына берген жоғары бағасы, құрметі  деп және асқан үлкен сенім деп білеміз. Облысымызда ауыл шаруашылығын дамыту мен  шағын және орта бизнесті қолдаудың ауқымды бағдарламалары іске асырылып отырады. Кәсіби мамандар даярлау саласында сапалы міндеттер жүзеге асырылып, жоғарғы білім жүйесі жұмыс жасауда. Еңбеккерлерді әлеуметтік қорғаудың деңгейі көтеріліп, еңбек қатынастары туралы Заңдар реттеліп, кәсіподақтардың рөлі нығаюда. «Адал еңбекпен мал іздемек, ол арлы адамның ісі» деп Абай атамыз айтқандай жастарға адал еңбек ету, адал азамат болу ұғымдарын кеңінен насихаттау жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеру біздің басты міндетіміз»-деп атап өтті. Аталмыш мереке аясында өндіріс және өзге де саланың тәжірибелі еңбек майталмандары, кәсіби мамандар, атап айтқанда, құрылыс, жол құрылысы, өндіріс, кәсіпкерлікті дамыту, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, мал шаруашылығын дамыту, ветеринария, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, ақпарат, спорт , әлеуметтік қорғау, зейнетақымен қамтамасыз ету, әлеуметтік қызмет көрсету, құқық қорғау, азаматтық қорғау саласы бойынша салтанатты түрде марапатталды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз