Жаңашылдық пен жасампаздық рухтың жаршысы

266

Құрметті ұстаздар қауымы, әріптестер!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз – жаңашылдық пен жасампаз рухтың жаршысы. Осы күндері Жер-ана қайта түлеп, тіршілік атаулы түгел жанданады.Тағылымы мол бұл мереке – жаңару мен жаңғырудың, адам мен табиғат арасындағы үндестіктің, келісім мен татулықтың алтын арқауы. Халқымыз қашанда  жыл басын ізгі ниетпен, үкілі үмітпен, ақ бата, тілекпен қарсы алады.

Ұлыстың ұлы күнінде ұлтымыздың ұрпақтар сабақтастығы, достық-ынтымақтастық пен қонақжайлық салты дәріптеледі. Сондай-ақ, тереңнен тамыр тартатын құндылықтарымыз, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрі ерекше салтанат құрады. Ендеше,ізгіліктің мейрамы –Әз Наурыз әр шаңыраққа құт-берекесімен бірге еніп, шаттық пен қуаныш  әкелсін! Ұлыс  оң, ақ мол болсын!

Сіздерге зор  денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін!

                                                                                               Мария Садуақасова,

 Талдықорған қаласы білім беруді дамыту

оқу әдістемелік орталығының аға әдіскері

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз