Талдықорған-Қалбатау-Өскемен автожолын қайта жаңарту жұмыстарының негізгі бөлігі аяқталды

66

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» автожолын қайта жаңарту бойынша (287-615 шақырым аралығында) Жетісу облысында ұзындығы 314 шақырымды құрайтын негізгі жұмыстарды аяқтады.

Қайта жаңарту барысында автожолдың техникалық ерекшеліктері жақсартылды: 32 шақырым І техникалық санатқа, ал 282 шақырым ІІ техникалық санатқа ауыстырылды (жолдың ені 9 метрге ұзартылды).

Қазіргі таңда 314 шақырым аралықта жолдың жоғары қабатына қиыршы тасты-мастикалық асфальт жабыны төселді.

«Құрылыс барысында 5 асфальтбетон зауыты, 500-ден аса жол-құрылыс техникасы мен 700-ге жуық жұмысшы жұмылдырылды (оның ішінде көбісі жергілікті елді мекеннің азаматтары).

Жол пайдаланушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында 12 демалыс алаңы және 10 заманауи санитарлық-гигиеналық торап соғу жоспарланған, оның ішінде 4 санитарлық-гигиеналық торабы қолданысқа берілді», — делінген компания хабарламасында.

Автожолдың бұл учаскесі арқылы енді Алматы қаласынан Алакөлге дейін жылдам әрі қолайлы жетуге мүмкіндік беріп, еліміздегі ішкі туризмнің дамуына оң септігін тигізетін болады.

Айта кетейік, «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» автожолының қайта жаңарту жұмыстарының ұзындығы 768 шақырымды құрайды. Бұл жолдың58 шақырымы І-б санатына, ал 710 шақырымы ІІ санатқа жатады. Жоба үш облысты қамтиды: Жетісу, Абай және Шығыс Қазақстан. Жобааясында 81 көпір мен жол өткелдерін, сондай-ақ 521 су өткізгіш құбырларын салу жоспарлануда. Сонымен қатар жоба аясында санитарлық-гигиеналық құрылғылары бар демалыс орындарын соғу қарастырылған.

Нысанды қайта жаңарту жұмыстарын 2024 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз