«Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес» күніне орай түнгі велошеру өтті

167

Облыс орталығы Талдықорғанда қала әкімдігінің қолдауымен «Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес» күніне орай түнгі велошеру өтті.

Шығыс шағын ауданындағы Нұр көшесінен бастау алған түнгі велошеру «Көктем» саябағында түйінделіп жалпы 10 шақырымды құрады. Оған 140 адам қатысты. Атап айтқанда, кәсіби велосипедшілер, мемлекеттік қызметкерлер және қала тұрғындары да белсенділік танытты.

Дәстүрге айналған түнгі велошеруге «BIKE TEAM», «Velopark.tdk», «Velofiends», «Velotrveltekeli» және «Вiketeamgroup» велосипедшілер қауымдастығының өкілдері белсенділік танытып, ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдірді.

Бұдан бөлек, шеруге қатысушылар арасында лоторея ойындары ойнатылып, бағалы сыйлықтар тарту етілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз