QAZAQ MARATHON TALDYQORGAN

172

Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары және қала қонақтары!

2024 жылдың 11 тамыз күні Жетісу облысының Талдықорған қаласында барлық спорт сүйер қауым үшін – QAZAQ MARATHON TALDYQORGAN жарысы өтеді.

QAZAQ MARATHON белсенді қазақстандықтар үшін маңызды шара болып қана қоймай, көпшілікті салауатты өмір салтына қосылуға шабыттандыруы мүмкін.

Талдықорған қаласында жарыс QAZAQ MARATHON ұйымдастырған жарыстар сериясының үшіншісі болмақ. Жарысқа кәсіби спортшылар да, жүгіруге мүлдем жаңадан келгендер де қатыса алады.

Жарыс қалашығы «Жастар» паркінде орналасады. Қатысушылар қаланың ең әдемі және көрнекті жерлерін жүгіріп өтеді. Ал жарыстан кейін шақырылған әртістің өнерін тамашалайды.

Қашықтықтар:

• 21 км (18 жастан асқан қатысушылар үшін);
* 10 км (15 жастан асқан қатысушылар үшін);
* 5 км (15 жастан асқан қатысушылар үшін);
* 2 км (балалар қашықтығы 8-14 жас);
* 21 км RELAY (4 адамдық эстафета);
* 10 км скандинавиялық жүріс (15 жастан асқан қатысушылар үшін).

Барлық жүгіру қашықтықтарындағы жалпы жүлде қоры 6 млн. 150 мың теңгені құрайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз