ҚР Президенті Қ.Тоқаев:«Мен, Президент ретінде әрқашан волонтерлардың қозғалысын қолдаймын. Еріктілер — жаны таза адамдар. Олар — елдің шынайы патриоты,сол үшін де құрметім шексіз.Белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз мемлекеттің дамуына айтарлықтай септігін тигізетіні сөзсіз»,-деген еді.
Қазақстандық еріктілер жеке тұлғалар,кәсіпорын-компаниялар,әлеуметтік осал топтарға көмек көрсетіп, қоршаған ортаны қорғап,азаматтық ұстанымды қалыптастыра отырып,өзін-өзі ұйымдастыру,әлеуметтік жауапкершілікті сезініп,өзара жәрдем ету және қоғамда қайырымдылық жасаумен айналысады. Олардың қатарында Талдықорған қаласының 15 ұйымға біріккен 500-ден аса еріктілері бар.Кеше Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Жеңіс Андабековтың қатысуымен волонтерлар слеті өтті. Еріктілердің ісіне ризашылығын білдірген Жеңіс Саятбекұлы қоршаған ортаны қорғау мен табиғи апат кезінде жапа шеккендерге көмек көрсету барысында белсенділік танытқан барша азаматтарға алғысын білдіріп, арнайы марапаттар табыстады.Талдықорған қаласы бойынша қоғамға белгілі волонтерліқ қозғалыстардың қатарында Елдос Баялышбаев жетекшілік ететін мүмкіндігі шектеулі адамдарды тасымалдаумен айналысатын «Асар» автоволонтерлерін, Матвей Шведин жетекшілік ететін азық-түлік пакеттерін жинау және тарату, жоғалған адамдарды іздестіру,ақысыз негізде заңгерлік көмек көрсетумен айналысатын «Lider. Kz» ұйымын, Мұрат Медеровтің жетекшілігімен халықты түрлі қауіптен қорғайтын «Қызыл ай» қоғамы, Динара Бакированың жетекшілік етуімен қаланы көгалдандыру және қоршаған ортаны «Kaz.Eco.Patrol»ұйымын, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға материалдық көмек көрсету, экологиялық қорғаумен айналысатын Нұртуған Әсемнің демеушілік көмек берумен айналысатын «Баракат» жақсылыққа жол» қоғамдық бірлестігін, Асел Барибаева жетекшілік ететін «Жетісу облысының мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігін атауға болады.
Жансерік Маратұлы,ерікті:-Біз«Біргеміз» жалпыұлттық жобасы бойынша 4 бағытта жұмыс істейміз. «Айналайын» балалар үйімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқарып, қолөнерге баулу, Еркін ауылындағы жастарға цифрлық білім беру,қаржылық сауаттылығын көтеру, егде жастағы адамдарға қолқабыс беру, алаяқтықтан сақтандыру,цифрлық сауаттылығын дамыту,кітап оқу сынды жұмыстарды атқарамыз. Өзім 2011 жылдан бастап «Дос kz» волонтерлік ұйымында қызмет атқарып келемін. Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу,психологиялық көмек беру ісімен айналысамыз. Еңбегіміз еленіп, жоғары марапаттармен марапатталдық.14 жастан бастап жастар елімізге ерікті түрде өз пайдасын келтірсе нұр үстіне нұр деп ойлаймын.
Гүлжанат Мырзалықызы