Қала әкімдігінің мәжіліс залында қала әкімінің орынбасары Рүстем Бершінбековтың төрағалығымен Талдықорған қаласы бойынша 2024 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін және биылғы жылдың жоспарын орындау, 2025 жылға міндеттері туралы жиын өтті.
Жиында облыс орталығы Талдықорған қаласының одан әрі дамыту мақсатында қолға алынып жатқан тың жобалары мен жұмыстары жүргізіліп жатқан әрбір нысандарға қатысты тыңдалып, қала әкімінің орынбасары жауапты бөлім басшыларына бағыттас салалар бойынша 6 негізгі көрсеткіштердің орындалуын бақылауға алуды тапсырды.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың 6 айында Талдықорған қаласының өнеркәсіп өндірісінің көлемі 70,9 млрд.теңгені құрады және 22,1 млрд.теңге инвестиция тартылды.