«Береке» коттедж қалашығының құрылыс жұмыстары 2025 жылы аяқталады

144

 Талдықорған қаласындағы «Береке» коттедж қалашығының құрылыс жұмыстары 2025 жылы аяқталады. Бұл жөнінде қалалық құрылыс бөлімі мәлім етті.

Сала мамандарының сөзінше, бүгінгі күні сақалды құрылысқа айналған қалашығын кезең-кезегімен ретке келтіру жұмыстары басталды.

Естеріңізге салсақ, 2018 жылы «Береке» коттедж қалашығында несиелік және жалға берілетін үйлердің құрылысы басталған болатын. Жалпы ауданы 18,6 мың м2 болатын 577 тұрғын үйдің 373-і қолданысқа берілгенімен, оның 204-нің құрылысы жұмыстары аяқталмаған.

Аталған өзекті мәселені оңтайлы шешу мақсатында аяқсыз қалған жұмыс түрлерін қайта есептеу жұмыстары жүргізіліп, ақау актісі жасалынып, жұмыстарды толық аяқтау үшін мердігерді анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жарияланды. Конкурстық рәсімдердің нәтижелері 2024 жылдың тамыз айының соңында белгілі болады.

Айта кетейік, «Береке» коттедж қалашығының құрылыс-монтаж жұмыстарын мердігер «ПМК-7К» ЖШС жүргізіп, 2022 жылдың қыркүйегінде мердігермен келісім-шарттар біржақты тәртіппен бұзылып, мемлекет қаражатын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, қатысы бар тұлғаларға сот үкімі шығып, жазаға тартылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз