Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шомылу маусымындағы балалар қауіпсіздігі» тақырыбында баспасөз жиыны өтті. Бұл жолы спикерлер ретінде Жетісу облысы ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Бағдат Тыныбек, Жетісу облысы білім басқармасының ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Айбол Қасенов, облыстық ТЖД жедел құтқару жасағы басшысының орынбасары Берік Найзабеков шақырылыпты.
Маусымның басынан бастап су айдындарында төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары 22 адамды, оның ішінде 6 баланы құтқарды. Құтқарушылар жеке бассейндер мен демалыс аймақтарының қызметкерлерімен судағы қауіпсіздік бойынша практикалық және теориялық сабақтар өткізуде. Қазіргі уақытта барлығы 19 нұсқаушы оқытылған.
Сондай-ақ, қазіргі күні Жетісу облысының аумағында 13 қала сыртындағы лагерь бар.
3-21 маусым аралығында «Қарлығаш», «Тамшыбұлақ», «Алтын Чажа», «Жансая», «Жылан», «Көк төбе», жеке «Жетісу Шағала», «Оффлайн демалыс», «Бастау», «Қарлығаш», «Zhylandy Ethno Camp», «Zhylandy Ethno Camp1» сауықтыру лагерлері өз жұмыстарын бастады. Облыс аумағында 5 277 бала лагерьлерде демалуда. Сонымен қатар, 235 бала Балқаш көліне және 150 бала Қапшағай су қоймасына барып, шомылып қайтты. ТЖД қызметкерлерімен тығыз байланыста жұмыстар атқарылып келеді. Әр демалыс аймақтарында кезекшілік ұйымдастырылған. Балаларға шомылуды бастамас бұрын ТЖД қызметкерлері судағы қауіпсіздік бойынша нұсқаулық өткізеді. Жазғы демалыс лагерлерінде және әр баланың бөлмелерінде қауіпсіздік бойынша жаднамалар ілінді.