Облыс орталығы Талдықорғанда Астана күніне орай «Жастар» саябағында салтанатты шара өтті.
Салтанатты шараның шымылдығын қала әкімінің орынбасары Рүстем Бершінбеков ашып, барша талдықорғандықтарды мерекемен құттықтап, ақжарма тілегімен жалғады.
«Құрметті талдықорғандықтар!
Сіздерді Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Біздің астанамыз мемлекетіміздің басты мақтанышы, әрі символы. Бұл кең-байтақ Отанымыздың жүрегі. Сан ғасырдан бері азаттықты аңсаған рухты бабаларымыздың арманы болған елдің ордасы, ұлттық нақыштағы қайталанбайтын әсемдікке тұнған айрықша қала. Мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, баршаңызға мықты денсаулық, әрбір отбасына амандық, елімізге береке — бірлік тілеймін!», — деді қала әкімінің орынбасары Рүстем Бершінбеков.
Шара Талдықорған қаласының өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.