Талдықорғанда қаланы абаттандыру жұмыстары жалғасын табуда

140

Бүгінде облыс орталығы Талдықорғанда абаттандыру жұмыстары қарқынды қолға алынған. Бұл талдықорғандықтардың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық  экоакциясына қосқан зор үлесі. Жалпы айтқанда,  биыл қала аумағына 70 мыңнан аса гүл шоқтары егіліп, 6 мыңнан аса ағаш көшеттері отырғызылады.

Экоакция барысында, арық жүйелерін тазарту, санитарлық мақсатта ағашты кесу жұмыстары және гүл шоқтарын егумен қатар арық жүйелерін қайта қалпына келтіру, жөндеу жұмыстары және жасыл желектерді тұрақты түрде суғару жұмыстары жүргізілуде.

Қаланы абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары әлі де жалғасатын болады. Сонымен қатар, жыл соңына дейін әр айдың бірінші бейсенбісінде сенбілік өткізу жоспарлануда.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз