Alakol Fest – 2024»: Алакөл көліндегі ұмытылмас естелік, жанға жайлы демалыс

63

20 шілдеде Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Ақши ауылында көптен күткен ашық аспан астындағы «Alakol  Fest – 2024» музыкалық фестивалі өтеді. Бұл іс-шара  Алакөл  көлінің жағасында демалуға және жазғы кештерден ләззат алуға ниет білдіргендердің барлығына ұмытылмас демалыс жасауға арналып отыр.

Сахнада еліміздің эстрада әртістері өнер көрсетеді. Атап айтсақ, Аділ Жалмағамбетов (Adil) Еңлік Құрарбек (Yenlik), Луиза Каринбаева (Luina), Айгерім Рақышева (Ayree). Кештің музыкалық көңіл-күйі үшін жауапты DJ SlimKz. Ал айтулы фестивальді Еркебұлан Мырзабек  пен  Марат Оралғазин жүргізіп, ұмытылмас кеш сыйлайтыны сөзсіз!

Фестиваль алаңында қонақтар кешті толықтай тамашалай алатындай түрлі  тағамдар, азық-түлікті сауда алаңдары ұйымдастырылады. Бізбен бірге «Alakol Fest – 2024»-ке қосылыңыз және өзіңізге ұмытылмас естеліктер жасаңыз!

Қосымша ақпаратты +7 707 466 4878 байланыс нөміріне хабарласып алуға болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз