Жетісу облысының Алакөл ауданындағы суда құтқару жасағы көл түбінен жартты тоннаға жуық қоқыс шығарды. Сөйтіп, «Таза Қазақстан» акциясына суда құтқару қызметі де үлес қосуда. Туристік маусым кезінде құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істейді. Сақтық шарасымен қатар тазалыққа да мән береді. Жағажайға келушілер көлге пластик және адамның аяғын кесіп түсетін өткір заттарды тастап кетеді, дейді мамандар. Арасында балықшылардан қалған аулар да кездеседі. Бұл шомылушылар үшін қауіпті рас.
Еламан Ахметқалиев, құтқарушы: — Көп адам түсетін жерлерді біз сүңгіп, тазалап отырамыз ғой. Тереңдік 2-3 метр жерде жатады жаңағы мусорлардың бәрі; темір-терсек, сеть, ау, бутылка неше түрлі, очкиі бар, неше түрлі табасың ғой. Сотка да табасың. 100 метрлік ау, 200 метрлік аулар, в основном 2-3 ау табылады. Ол өте қауіпті нәрсе жазда адамдарға.
Марат Смағұлов, аудандық суда құтқару қызметінің басшысы: — Жылдан жылға көбейіп барады. Неге десеңіз, мына жағалауға келген демалушылар өздерімен бірге сол мусорларын апаратын жеріне апармай, тастап кетеді. Сондай жағдайлар көп кезігіп жатады. Соның салдарынан, мысалы, балалар зардап шегіп жатады аяқтарын кесіп алып. Соған байланысты осы демалушыларға, алакөлдіктерге айтатыным – осы жағалауды таза устауларын сұраймын.
https://24.kz/kz/zha-aly-tar/ekologiya/item/657534-zhetisu-oblysynda-k-ldi-tabany-tazartyldy